15 Биязы жауап ашуды басар+,
Ауыр сөз ыза тудырар+.
2 Дананың тілі білімін игілікке қолданар+,
Ақылсыздың аузы ақымақтықты лақ еткізер.
3 Ехобаның назары барлық жерде,
Жақсы мен жаман да оның көз алдында+.
4 Шипалы тіл өмір ағашы болар+,
Өтірік сөз рухты күйретер.
5 Ақылсыз бала әке тәрбиесін менсінбейді+,
Ал парасатты жан түзетуді қабыл алады+.
6 Әділдің үйі қазынаға толы,
Зұлымның тапқаны берекесін алар+.
7 Дананың аузы білім таратады+,
Ал наданның жүрегі оған дауаламайды+.
8 Зұлымның құрбандығы Ехобаға жеркенішті+,
Ал әділдің дұғасы оған ұнамды+.
9 Ехоба зұлымдардың жолын жек көреді+,
Әділдікке ұмтылғандарды жақсы көреді+.
10 Жолдан тайғанға түзету қаталдық боп көрінер+,
Сөгісті жек көрген адам өлім құшар+.
11 Көр мен қара жердің қойнындағылар Ехобаға аян болса+,
Адамның жүрегі одан бетер аян емес пе+?!
12 Мысқылдағыш өзін түзеткенді жақтырмайды+,
Ол дананың кеңесіне жүгінбейді+.
13 Қуанышты жүрек адамның жүзін жайнатар,
Қайғылы жүрек рухты күйретер+.
14 Түсінігі бардың жүрегі білім іздер+,
Наданның аузы надандыққа тойғызар+.
15 Мұңшыл адамның барлық күні қайғылы+,
Көңілді жанның әр күні той-думан+.
16 Мол байлықпен уайымдап өмір сүргенше+,
Азғана дүниемен Ехобадан қорқып өмір сүрген артық+.
17 Жеккөрушілік бар жерде семіз бұқа етін жегенше+,
Сүйіспеншілік бар жерде көкөніс жеген артық+.
18 Ашушаң ұрыс-жанжал туғызар+,
Ұстамды жан дауды басар+.
19 Жалқаудың жолы толған тікен+,
Турашылдың жолы тегіс те даңғыл+.
20 Ақылды бала әкесін қуантады+,
Ақылсыз бала шешесін менсінбейді+.
21 Парықсыз жан ақымақтыққа мәз болар+,
Парықты жан тура жолмен алға басар+.
22 Ақылдаспаған жерде жоспар іске аспайды,
Кеңесші көп болса, ол жүзеге асады+.
23 Дұрыс жауап бергені қуантады+ адамды,
Уақытында айтылған сөз қандай жақсы+!
24 Түсінігі молдың өмір жолы өрге бастар+,
Төменде жатқан көрден аулақ әкетер+.
25 Ехоба тәкаппардың үйін ойран етеді+,
Жесірге тиесілі жердің шегарасын қорғайды+.
26 Зұлымның айла-амалы Ехобаға жеркенішті+,
Ал жағымды сөздер оның көз алдында таза+.
27 Арам пайда табушы үй ішін пәлеге ұшыратар+,
Параны жек көретін аман-есен өмір сүрер+.
28 Әділ өз жауабын ойлап берер+,
Зұлым жамандықты аузынан лақ еткізер.
29 Ехоба зұлымдардан алыс тұрар,
Ал әділдің дұғасына құлақ түрер+.
30 Жайнаған көз жүректі қуантар,
Жақсы хабар сүйекке күш-қуат дарытар+.
31 Өмір сыйлайтын кеңеске құлақ асатын жан
Даналардың үйінде отырар+.
32 Тәрбиеден бас тартқан өз жанын жек көрер+,
Түзетуге құлақ асқан түсінікке ие болар+.
33 Ехобадан қорқу даналыққа үйретер+,
Кішіпейілділік абырой әкелер+.