Ишая
9 Бірақ бұл түнек кезінде Забулон жері мен Нафталим жері қасіретке ұшырап, масқара болған кездегідей болмайды+. Кейінгі уақытта теңіз бойындағы жол, Иордан аймағы, басқа ұлттар мекендейтін Ғалилея құрметке бөленеді.
2 Түнекте жүргендер ғаламат нұрды көрді.
Қою қараңғылық басқан жерде тұратындарға нұр төгілді+.
3 Сен бұл халықты көбейттің,
Оны зор қуанышқа бөледің.
Олар сенің алдыңда науқан кезіндегідей,
Қуана олжа бөліскендегідей шаттанады.
4 Өйткені сен олардың ауыр мойынтұрығын*,
Иықтарындағы таяқты, жұмысқа салушының тоқпағын,
Мадиян жеңілген күндегідей тас-талқан еттің+.
5 Жерді дірілдете басқан әрбір аяқкиімді,
Қанға малынған әрбір киімді от жалмайды.
Оның мойнына* билік құру міндеті жүктеледі+.
Есімі оның Керемет кеңесші+, Күшті құдай*+, Мәңгілік әке, Тыныштық бекзадасы болады.
7 Ол Дәуіттің тағы мен патшалығын иемденіп+,
Билігі кең жайылады,
Сонда мәңгілік бойы тыныштық орнайды+.
Патшалық билігі қазірден бастап мәңгі бақи
Берік орнығып+, нығаю үшін солай болады.
Әскербасы Ехоба бұны құлшына жүзеге асырады.
9 Бұл бүкіл халыққа,
Ефремге де, Самария тұрғындарына да мәлім болады.
Өйткені олар тәкаппарлана, өрескелдікпен былай дейді:
Інжір ағаштары шабылды,
Бірақ біз оларды қарағаймен алмастырамыз”.
11 Ехоба Ресиннің дұшпандарын Ефремге қарсы көтереді,
Жауларын соғысқа қамдандырып,
12 Шығыстан Сирияны, батыстан філістірлерді аттандырады+,
Олар арандарын ашып, Исраилді жалмап қояды+.
Сондықтан Құдайдың қаһары басылмайды,
Оның қолы жазалау үшін әлі де созулы тұр+.
16 Халықты басқарып отырғандар оны адастыруда,
Оларға ергендер абдырап қалды.
17 Міне, сол себепті Ехоба олардың жігіттеріне қуанбайды,
Жетімдер мен жесірлерге мейірімділік танытпайды.
Өйткені олардың бәрі құдайдан безгендер, қылмыскерлер+;
Ауыздарынан тек мән-мағынасыз сөз шығады.
Сондықтан Құдайдың қаһары басылмайды,
Оның қолы жазалау үшін әлі де созулы тұр+.
18 Зұлымдық өрт іспетті қаулап,
Тікенді бұталар мен арамшөпті жалмайды.
Орман бұталары өртке оранады,
Олардан шыққан түтін будақтап жоғары көтеріледі.
19 Әскербасы Ехобаның қаһарынан жер өртке оранып,
Адамдарды от жалмайды.
Ешкім өз бауырын аямайды.
20 Бірі оң жағынан кесіп жейді,
Бірақ бәрібір аш болады.
Екіншісі сол жағынан кесіп жейді,
Бірақ бәрібір тоймайды.
Әрқайсысы өз қолының етін асайды:
21 Манаса Ефремді,
Ефрем Манасаны жалмайды.
Екеуі бірігіп, Яһудаға қарсы аттанады+.
Сондықтан Құдайдың қаһары басылмайды,
Оның қолы жазалау үшін әлі де созулы тұр+.