Миха
6 Өтінемін, Ехобаның айтып жатқанын тыңдаңдар,
Тұрыңдар да, шағымдарыңды таулардың алдында айтыңдар,
Төбелер де дауыстарыңды естісін+.
2 Уа, таулар, тыңдаңдар, Ехоба сот ісін бастамақ,
Сендер де, жер негіздері, құлақ салыңдар+.
Себебі Ехоба өз халқымен соттасып,
Исраилге мынадай айып тағады+:
3 “Халқым, мен саған не істедім?
Қалай сені қалжыраттым+?
Маған қарсы куәлік бер.
Алдарыңда Мұсаны, Харон мен Мәриямды+ жүргіздім.
5 Уа, халқым, Моаб патшасы Балақтың не ойластырғанын+,
Беғор ұлы Балағамның оған не жауап бергенін+ есіңе алшы.
Ехобаның әділ істерін білулерің үшін,
Шиттимнен+ Ғылғалға+ дейін қандай жайттар орын алғанын еске түсірші”.
6 Ехобаның алдына не алып келейін?
Көктегі Құдайға тағзым еткенде, не ұсынайын?
Оның алдына түгел өртелетін құрбандықтармен,
Бір жылдық торпақтармен келейін бе+?
7 Ехоба мыңдаған қошқарға,
Он мыңдаған өзен болып аққан майға риза бола ма+?
Шығарған бүлігім үшін тұңғыш ұлымды,
Жасаған күнәм үшін перзентімді бағыштайын ба+?
8 Уа, адам, ол саған ненің жақсы екенін айтты ғой.
Ехоба сенен нені талап етеді?
Әділ әрекет еткеніңді+, адалдықты жоғары бағалағаныңды*+,
Құдайыңның жолында қарапайым+ болып жүргеніңді ғана емес пе+?!
9 Ехоба қалаға қарай дауыстайды,
Даналығы барлар оның есімінен қорқатын болады.
Жазалайтын таяққа және оны тағайындағанға ден қойыңдар+.
10 Зұлымның үйінде арамдықпен жиналған байлық,
Жеркенішті әрі кішірейтілген өлшеуіш ыдыс* әлі бар ма?
Ауыздарынан шығатыны — қулық-сұмдық+.
13 “Ендеше, мен сені ұрып-соғып, жарақаттаймын+,
Күнәларың үшін қаңыратып бос қалдырамын.
14 Тамақ жейсіңдер, бірақ тойынбайсыңдар,
Аш құрсақ болып жүресіңдер+.
Заттарыңды тығасыңдар, бірақ сақтай алмайсыңдар,
Ал сақтай алғандарыңды жауларыңа беремін.
15 Тұқым себесіңдер, бірақ ормайсыңдар,
Зәйтүн сығасыңдар, бірақ майын қолданбайсыңдар.
Жаңа шарап жасайсыңдар, бірақ дәм татпайсыңдар+.