Жоханның 1-хаты
5 Исаны Мәсіх деп сенген әркім Құдайдан туған+. Кім Құдайды сүйсе, оның балаларын да сүйеді. 2 Құдайдың балаларын+ сүйетінімізді оның өзін сүйіп, өсиеттерін орындап жүргенімізден білеміз. 3 Өйткені Құдайды сүю дегеніміз — оның өсиеттерін орындау+. Ал оларды орындау қиын емес+. 4 Құдайдан туғандардың бәрі осы дүниені жеңіп шығады+. Ал дүниені жеңіп шығатын — біздің сеніміміз+.
5 Кім осы дүниені жеңе алады+? Исаны Құдай Ұлы деп сенген адам ғана емес пе+?! 6 Ол, Иса Мәсіх, су және қан арқылы келді, тек сумен емес+, сумен және қанмен келді+. Бұған рух куә+, өйткені рух — шындық. 7 Осылайша үш куә бар: 8 рух+, су+ және қан+. Бұл үшеуінің куәлігі өзара үйлеседі.
9 Біз адамдардың куәлігін қабылдап жүрміз ғой, ал Құдайдың куәлігі әлдеқайда салмақты емес пе?! Өйткені бұл куәлік — Құдайдікі, ол болса Ұлы жайында куәлік еткен. 10 Құдай Ұлына сенетін адам өзіне берілген куәлікті қабылдады. Кім Құдайға сенбесе, оны өтірікші етеді+, өйткені ол Құдайдың өз Ұлы жайлы берген куәлігіне сенген жоқ. 11 Ал оның куәлігі мынау: Құдай бізге мәңгілік өмір берді+, бұл өмірге оның Ұлы арқылы ие боламыз+. 12 Кім Ұлды қабылдаса, өмірге ие, ал кім Құдай Ұлын қабылдамаса, өмірге ие емес+.
13 Мұны сендерге мынаны білсін деп жаздым: сендер Құдай Ұлының есіміне сенгендіктен+ мәңгілік өмірге иесіңдер+. 14 Оның еркіне сай не сұрасақ та, Құдайдың бізге құлақ асатынына+ кәміл сенеміз+. 15 Ал не сұрасақ та, құлақ асатынына сенімді болсақ, сұрағанымызды алатынымызды да білеміз, өйткені одан сұрадық+.
16 Кім бауырласының өлімге апармайтын күнә жасап жатқанын көрсе, ол үшін дұға етсін. Сонда Құдай оған өмір береді+. Мен мұнда өлімге апармайтын күнә жасағандар жайында айтып отырмын. Алайда өлімге апаратын да күнә бар+. Осындай күнә жасаған адам жайында дұға етсін деп отырған жоқпын. 17 Әділетсіздіктің бәрі — күнә+, сөйтсе де өлімге апармайтын да күнә бар.
18 Біз мынаны білеміз: Құдайдан туған адам күнә жасай бермейді, бірақ мұндай адамды Құдайдан туған ол* қорғайтындықтан, Зұлым* оған тиісе алмайды+. 19 Біз Құдайдан екенімізді білеміз, бірақ бүкіл дүние Шайтанның* билігінде+. 20 Сондай-ақ біз Құдай Ұлының келгенін білеміз+, әрі ол шынайы Құдайды танып-білуіміз үшін бізге сана берді. Біз шынайы Құдаймен оның Ұлы Иса Мәсіх арқылы бірліктеміз+. Иә, бізбен бірліктегі Құдай — шынайы Құдай әрі мәңгілік өмір+. 21 Сүйікті балаларым, пұттардан аулақ болыңдар+!