Патшалар 1-жазба
9 Сүлеймен Ехобаның үйі мен өзінің патша сарайын+ және өзі қалағанның бәрін салып біткен соң+, 2 Ехоба оған Гибеонда көрінгендей+, тағы бір рет көрінді. 3 Сүлейменге Ехоба былай деді: “Айтқан дұғаңды да, ықыласымды түсіруді сұраған өтінішіңді де естідім. Сен салған мына үйге есімімді мәңгі орнықтырып+, оны киелі еттім. Мен оны көзімнен таса қылмаймын, жүрегім әрқашан сонда болады+. 4 Егер әкең Дәуіт сияқты+, барлық өсиеттерімді, жарлықтарым мен шешімдерімді ұстанып+, алдымда жүрегің мінсіз+ әрі әділ+ болып жүрсең, 5 Исраилде патшалық тағыңды мәңгіге орнықтырып, әкең Дәуітке берген “Исраил тағында әрдайым сенің ұрпағың отыратын болады” деген уәдемді орындаймын+. 6 Ал сендер не ұрпақтарың менен бас тартып, өздеріңе берген өсиеттерім мен жарлықтарымды ұстанбай, басқа құдайларға қызмет етіп, соларға табына бастасаңдар+, 7 Исраил халқын өзім берген жерден аластатамын+, ал өз есімім үшін киелі еткен үйді көз алдымнан құртамын+. Сонда басқа халықтардың бәрі Исраилді табалап, мазақ қылатын болады+. 8 Мына үй болса бір төбе үйіндіге айналады+. Оның жанынан өткен әркім ысқырып: —Ехоба мына ел мен үйді неге осындай күйге ұшыратты екен?— деп таңғалатын болады+. 9 Жұрт оларға: —Бұл халық ата-бабаларын Мысыр елінен алып шыққан Құдайлары Ехобаны тастап, басқа құдайларға табынып, соларға қызмет етіп кетті. Сондықтан Ехоба оларды осындай апатқа ұшыратты,— деп жауап береді+”.
10 Сүлеймен Ехобаның үйі мен өзінің патша сарайын 20 жылда салып бітірді+. 11 Осы уақыт бойы Тир патшасы Хирам+ Сүлейменнің қалауы бойынша, оны қарағай, арша бөренелерімен және алтынмен қамтамасыз етіп тұрды+. Сол үшін патша оған Ғалилея жерінен 20 қала берді. 12 Сонда Хирам Тирден келіп, Сүлеймен берген қалаларды аралап шықты, бірақ олар көңілінен шықпады. 13 Сондықтан ол Сүлейменге: “Маған қандай қалалар бергенсің, бауырым?”— деді. Сол себепті осы қалалар әлі күнге дейін Қабұл жері* деп аталады. 14 Хирам Сүлейменге 120 талант* алтын жіберді+.
15 Сүлеймен патша Ехобаның үйін+, өзінің патша сарайын, Миллоны*+, Иерусалимнің қабырғасын, Хасорды+, Мегиддо+ мен Гезерді+ салу үшін басыбайлы қызметшілер жинады+. 16 (Бұдан бұрын Мысыр патшасы перғауын Гезерді жаулап алып, өртеп, сонда тұратын қанахандықтарды+ қырып тастаған еді. Ал қызын Сүлейменге ұзатқанда+, сол қаланы оған енші ретінде сыйлады.) 17 Сүлеймен мына қалаларды қайта тұрғызды*: Гезер, Төменгі Бет-Хорон+, 18 Бағалат+, Исраил жеріндегі шөл далада орналасқан Тамар. 19 Сондай-ақ ол азық-түлік сақтауға және арбалары+ мен салт атты жігіттеріне арналған қалалар тұрғызды. Осылай Иерусалимде, Ливанда және өз қол астындағы бүкіл елде салғысы келгеннің бәрін салды. 20 Исраилдіктердің арасында аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, хевтіктер мен ебустіктер+ тұрып жатты+. 21 Бұлар кезінде исраилдіктер толық жоя алмаған халықтардың ұрпақтары еді. Сүлеймен оларды басыбайлы қызметші етіп, ауыр жұмысқа салып қойды. Бұл жағдай әлі күнге дейін жалғасып келеді+. 22 Бірақ ол исраилдіктердің ешқайсысын құл етпеді+. Олар патшаның сарбаздары, қызметшілері, бекзадалары, көмекшілері, сондай-ақ арбакештері мен салт атты жігіттерінің басшылары болды. 23 Сүлейменнің түрлі істерін басқарып, жұмысшылардың үстінен қарайтын 550 жетекші аймақ әкімі болды+.
24 Перғауынның қызы+ Дәуіттің қаласынан+ Сүлеймен салып берген үйге көшті. Патша Миллоны сол уақытта тұрғызған еді+.
25 Сүлеймен Ехобаға арнап соққан құрбандық ошағында жылына үш рет+ түгел өртелетін және татулық құрбандықтарын шалатын+. Ол Ехобаның алдындағы құрбандық ошағында құрбандық түтінін де түтететін. Осылай патша киелі үйді салып бітірді+.
26 Сүлеймен патша Едом жеріндегі Қызыл теңіздің жағасында, Елаттың жанындағы Есион-Геберде+ кемелер де жасатты+. 27 Хирам өзінің тәжірибелі теңізшілерін Сүлейменнің қызметшілерімен бірге осы кемелерде қызмет етуге жіберді+. 28 Олар Опырға+ барып, Сүлеймен патшаға 420 талант алтын әкелді.