Аян
6 Содан кейін Тоқтының+ жеті мөрдің біріншісін ашқанын+ көрдім және төрт тіршілік иесінің+ біреуінің күн күркіріндей дауыспен: “Аттан!”— дегенін естідім. 2 Мен қарадым да, ақ боз атты көрдім+. Атта отырғанның қолында садағы бар екен, сондай-ақ оған тәж берілді+. Ол жолындағы жауларын жеңіп, ақырында, толық жеңіске жету үшін аттанды+.
3 Тоқты екінші мөрді ашқанда, екінші тіршілік иесінің+: “Аттан!”— деген даусын естідім. 4 Сонда оттай қызыл басқа ат шықты. Адамдар бір-бірін өлтіру үшін, атта отырғанға жер бетінен тыныштықты жою билігі беріліп, үлкен семсер табыс етілді+.
5 Тоқты үшінші мөрді ашқанда+, үшінші тіршілік иесінің+: “Аттан!”— деген даусын естідім. Қарадым да, қара атты көрдім. Атта отырған қолына таразы ұстап алыпты. 6 Сонда төрт тіршілік иесінің арасынан: “Бір килограмдай* бидай бір динар*+, үш килограмдай арпа бір динар болсын, ал зәйтүн майы мен шарапты бүлдірме”+,— деген дауысты естідім.
7 Тоқты төртінші мөрді ашқанда, төртінші тіршілік иесінің+: “Аттан!”— деген даусын естідім. 8 Қарадым да, сұп-сұр атты көрдім. Атта отырғанның есімі “Өлім” еді, оның соңынан өкшелеп көр* келе жатты. Оларға ұзын семсермен, ашаршылықпен+, індетпен және жыртқыш аңдармен жердің төрттен бір бөлігін өлтіруге билік берілді+.
9 Тоқты бесінші мөрді ашқанда, құрбандық ошағының түбінен+ Құдай сөзі үшін және куәлік бергендері үшін өлтірілгендердің қанын+ көрдім+. 10 Олар қатты дауыспен: “Киелі де шынайы+ Әлемнің Әміршісі, қашанға дейін жер бетіндегі адамдарды соттамайсың, қашанға дейін қанымыз үшін өш алмайсың+?”— деді. 11 Олардың әрбіріне ақ шапан берілді+ және көп ұзамай өздері сияқты өлтірілетін қызметтестері+ мен бауырластарының саны толғанға дейін сәл күте тұрулары керектігі айтылды.
12 Тоқтының алтыншы мөрді ашқанын көрдім, сонда қатты жер сілкінісі болды. Күн қара жүннен жасалған азалы киімдей қап-қара, ал ай түгелдей қан қызыл түске боялды+. 13 Аспандағы жұлдыздар болса қатты жел шайқағанда інжір ағашының піспеген жемістері үзіліп түсетініндей жерге ағып түсті. 14 Аспан шиыршық сияқты оралып қалды да, ғайып болды+. Ал тау мен аралдың бәрі орындарынан жылжытылды+. 15 Жердегі патшалар, беделділер, қолбасшылар, байлар, күштілер, құлдар мен еріктілердің бәрі үңгірлер мен таудағы жартастар арасына жасырынды+. 16 Олар таулар мен жартастарға былай деумен болды: “Үстімізге құлап+, бізді Тақта отырғанның+ көзінен таса қылып, Тоқтының+ қаһарынан жасыра көріңдер. 17 Өйткені олардың қаһар төгетін ұлы күні келді+, кім одан аман қалады+?!”