Зәбүр
ҮШІНШІ ЖАЗБА
(Зәбүр 73—89)
Асаптың+ жыры.
73 Құдай Исраилге, әсіресе ақжүректілерге шынымен игілік жасайды+.
7 Тоқшылықтан көздері адырайып тұрады;
Арам пиғылдары өздері күткеннен де асып түседі.
8 Мысқылдап сөйлейді, айтатындары — жамандық+.
Паңдана қоқан-лоқы көрсетеді+.
9 Көктен сөйлеп тұрғандай бөседі,
Тілдері жерді шарлап жүреді.
11 Олар: “Құдай қайдан білсін+?
Не болып жатқанын Құдай Тағала білуші ме еді?”— дейді.
15 Бірақ бұлар жөнінде айтар болсам,
Сенің халқыңа опасыздық жасаған болар ем.
16 Осыны түсінуге тырысып ем,
Бұл менің мазамды қашырды.
17 Құдайдың айбынды ғибадатханасына кіріп,
Оларды не күтіп тұрғанын білгенімше осылай болды.
19 Олар күтпеген жерден жоқ болады+!
Үрейлері ұшып, лезде құрып жоғалады!
20 Адам оянғанда, көрген түсі ғайып болады,
Уа, Ехоба, орныңнан түрегелгенде, сен де оларды жоқ қыласың.
22 Мен сана мен түсініктен жұрдай едім,
Көз алдыңда түйсіксіз хайуанға ұқсадым.
25 Көкте сенен басқа арқа сүйер кімім бар?
Жерде де өзіңнен басқа ештеңені қаламаймын+.
27 Міне, сенен алшақтағандар құрып жоқ болады.
Сен опасыздықпен өзіңді тастап кеткендердің көзін құртасың+.
28 Ал менің Құдайға жақын болғаным қандай игі+!
Барлық істерін жариялау үшін+,
Мен Әлемнің Әміршісі Ехобаны паналадым.