Ишая
46 Небо бүгіліп қалды, Бел де еңкейді+.
Олардың пұттары малға, жүк таситын жануарларға тиелген+.
Бұлар шаршаған малға ауыр жүк болды.
2 Екеуі де бірге бүгіледі.
Жүктерін* аман алып қала алмайды,
Өздері де тұтқынға айдалады.
3 “Жақыптың үйі, тыңда! Исраил үйінің аман қалғандары+, сендер де құлақ салыңдар!
Мен сендерді ана құрсағынан қолдап келемін, туылғандарыңнан қолыма алып жүрмін+.
Бұрынғысынша қолдап, көтеріп жүремін, құтқарамын+.
5 Мені кіммен салыстырасыңдар+?
Ұқсастығымыз көріну үшін, мені кімге теңейсіңдер+?
6 Әмияндарынан мырзалықпен алтын төгетіндер бар.
Олар таразыға салып, күміс өлшейді,
Темір ұстасын жалдап, құдай мүсінін жасатады+.
Сосын оның алдына жығылып, табынады+.
7 Оны иықтарына көтеріп алып жүреді+;
Көтеріп әкеліп, орнына қойғанда, ол қойылған жерінде тұра береді.
Тұрған жерінен тапжылмайды+.
Олар дауыстап шақырады, бірақ ол жауап бермейді.
Ешкімді пәледен құтқара да алмайды+.
8 Осыны ұмытпаңдар, батыл болыңдар!
Ей, заң бұзушылар, мұны көңілдеріңе түйіп алыңдар!
9 Байырғы кезде болған алғашқы жайттарды еске алыңдар.
Мен Құдаймын, менен өзге Құдай жоқ.
Мен Құдаймын, маған ұқсайтын ешкім жоқ+.
10 Мен әуел бастан істің ақыры қандай болатынын айтамын,
Әлі болмаған жайттарды ұзақ уақыт бұрын алдын ала жеткіземін+.
Айтқанымды міндетті түрде орындаймын.
Ниетімді міндетті түрде жүзеге асырамын+.
12 Ей, жүрегі қасарысқандар,
Әділдіктен алшақ жүргендер, тыңдаңдар!
Мен Сион тұрғындарын құтқарамын, Исраилді салтанатыма бөлеймін+”.