Зәбүр
БЕСІНШІ ЖАЗБА
(Зәбүр 107—150)
2 Мұны Ехоба құнын өтеп,
Жау қолынан босатып алғандар айтсын+.
4 Олар шөл даланы, құла түзді кезіп жүрді,
Қоныс тебетін қалаға жол таппай жүрді.
5 Ас пен судан тапшылық көрді,
Әбден қажып, әлсіреді.
8 Жұрт айнымас сүйіспеншілігі үшін Ехобаға алғыс айтсын+,
Адамзатқа істеген керемет істері үшін ризашылық білдірсін+.
9 Өйткені ол сусағанның шөлін қандырды,
Ашыққан жанды игілікке тойындырды+.
10 Біреулер қара түнекте өмір кешіп,
Қайғы мен темірдің бұғауында болды.
11 Себебі олар Құдайдың сөзіне қарсы шығып,
Құдай Тағаланың кеңесін менсінбеген еді+.
12 Сондықтан ол қиындық арқылы жүректерін кішіпейілділікке үйретті+;
Олар сүрініп құлады, бірақ көмекке келер ешкім болмады.
13 Қиын шақтарда Ехобаны көмекке шақырды,
Ал ол бастарына түскен қасіреттерінен құтқарды.
14 Оларды көзге түртсе көргісіз қара түнектен алып шықты,
Бұғауларын бұзып тастады+.
15 Жұрт айнымас сүйіспеншілігі үшін Ехобаға алғыс айтсын+,
Адамзатқа істеген керемет істері үшін ризашылық білдірсін.
16 Өйткені ол мыс қақпаларды талқандады,
Темір ысырмаларын да сындырып тастады+.
18 Тамақ атаулыдан жандары жеріді,
Өлім қақпаларына таяп келді.
19 Қиын шақтарда олар Ехобаны көмекке шақыратын,
Ал ол бастарына түскен қасіреттерінен құтқаратын.
20 Оларға сөзін жіберіп, сауықтыратын+,
Түскен орларынан құтқарып алатын.
21 Жұрт айнымас сүйіспеншілігі үшін Ехобаға алғыс айтсын,
Адамзатқа істеген керемет істері үшін ризашылық білдірсін.
22 Оған ризашылық құрбандықтарын ұсынсын+,
Істерін қуанышты үнмен дауыстап жарияласын.
25 Олар Құдай сөзінің дауыл тұрғызып+,
Толқындарды көтергенін де көрген.
26 Сол теңізшілер аспанға дейін көтеріліп,
Теңіз тұңғиығына дейін құлдилайды.
Аласапыранды көріп, зәрелері қалмайды.
28 Осындай қиын шақтарда Ехобаны көмекке шақырады+,
Ал ол бастарына түскен қасіреттерінен құтқарады.
29 Дауылды басып,
Теңіз толқындарын да тыныштандырады+.
30 Олар дауыл басылғанда, қуанады,
Құдай оларды аңсаған айлақтарына бастап апарады.
31 Жұрт айнымас сүйіспеншілігі үшін Ехобаға алғыс айтсын,
Адамзатқа істеген керемет істері үшін ризашылық білдірсін+.
32 Оны жиналған халық арасында асқақтатсын+,
Ақсақалдар кеңесінде мадақтасын.
33 Ол өзендерді шөлге,
Бұлақтарды құла түзге айналдырады+.
34 Тұрғындарының жасаған зұлымдығы үшін,
Құнарлы жерді сортаң далаға айналдырады+.
35 Ал құла түзді қамысты көлге,
Қуаң даланы бұлақты жерге айналдырады+.
38 Құдайдың жарылқауымен өсіп-өнеді,
Ірі қара малдары да көбейе береді+.
39 Бірақ қысым мен апат, қайғы-қасірет
Қайтадан сандарын азайтып, оларды жуасытады.
40 Құдай атақтыларды жеккөрінішті қылады,
Жолсыз құла түзді кездіріп қояды+.