Зәбүр
Сүлейменге қатысты жазылған жыр.
72 Уа, Құдай, патшаға шешімдеріңе сай төрелік етуді үйретші,
Патша ұлына әділдігіңді сыйлашы+.
3 Халыққа таулар тыныштық,
Қыраттар әділдік әкелсін.
5 Уа, Құдай, олар сенен қорқатын болады,
Күн нұрын шашып, аспанда ай тұрған кездің бәрінде —
Ұрпақтан ұрпаққа — солай болады+.
10 Тарсис пен аралдардың патшалары оған алым төлейді+,
Шеба мен Себа патшалары сый-тартулар әкеледі+.
11 Оның алдында күллі патшалар бас иеді,
Күллі халықтар қызмет етеді.
12 Патша көмек сұраған жарлы-жақыбайды,
Ешбір көмекшісі жоқтар мен бейшараларды да құтқарады.
13 Бейшара мен кедейге жаны ашиды,
Жарлылардың өмірін аман сақтайды.
14 Қанаушы мен зұлым билеушіден құндарын өтеп алады.
Олардың қанын бағалы деп санайды.
15 Патшаның өмірі ұзақ болсын, Шебаның алтыны берілсін+.
Жұрт ол үшін ұдайы дұға ете берсін,
Күн сайын оған бата берілсін.
Патша арқылы халық батаға ие болсын+;
Ұлттардың бәрі оны бақытты деп жар салсын.
Аумин, иә, аумин.
20 Осымен Есей ұлы Дәуіттің+ дұғалары аяқталды.