9 Нағыз даналық өзіне үй соқты,
Қашап жеті бағанасын жасады.
2 Мал сойып, ет даярлады,
Шарабының дәмін келтіріп,
Дастарқанын жайып қойды.
3 Қызметші қыздарын жіберіп,
Қаланың биік жерлерінен жар салғызып+:
4 “Кім тәжірибесіз болса, мұнда келсін”,— дегізді.
Парықсызға былай деді:
5 “Келіп, нанымнан же,
Дәмін келтірген шарабымнан іш.
6 Надандықты қалдырып, өмір сүр+,
Түсінік сыйлайтын жолмен алға жүр+”.
7 Мазақтағышты түзеткен масқара болар+,
Зұлымға сөгіс айтқан зардап шегер.
8 Мазақтағышқа сөгіс айтпа, сені жек көріп кетер+,
Сөгісті данаға айт, сені жақсы көрер+.
9 Ақыл-кеңесті данаға айт, даналығы артар+,
Тәлімді әділге бер, білімі молаяр.
10 Даналықтың бастауы — Ехобадан қорқу+,
Ал түсінік Ең Киелі Құдай жайлы білімнен келер+.
11 Менің арқамда көрер күнің көп болар+,
Ғұмырыңа ғұмыр қосылар.
12 Дана болсаң, пайдасын өзің көресің,
Мазақтағыш болсаң, азабын өзің тартасың.
13 Ақымақ әйел даурықпа+,
Ештеңе білмейтін надан.
14 Ол үйінің кіреберісінде,
Қаланың биік жерлерінде отырып+,
15 Шақырады өткен-кеткенді,
Өз жолымен тура кетіп бара жатқандарды:
16 “Кім тәжірибесіз болса, мұнда келсін”,— деп.
Парықсыздарға былай дейді+:
17 “Ұрлап ішкен су тәтті,
Жасырып жеген нан дәмді”+.
18 Бірақ олар білмейді ғой онда өліктер жатқанын,
Әйелдің қонақтары көр түбіне түскенін+.