18 Оқшауланған жан қара басын ойлар,
Даналық атаулыдан бас тартар.
2 Надан түсінікті жақтырмайды,
Өз ойын айтуды ғана ұнатады+.
3 Зұлыммен бірге жеккөрушілік келер,
Ұятты іске масқаралық ерер+.
4 Адамның аузынан шыққан сөз тұңғиық судай+,
Даналықтың көзі сарқырап аққан өзендей.
5 Сотта зұлым адамды жақтау да+,
Әділді құқығынан айыру да жақсы емес+.
6 Ақымақтың тілі ұрыс-керіс тудырар+,
Оның аузы өзіне таяқ жегізер+.
7 Өз аузы ақымақты күйретер+,
Өз тілі жанына тұзақ болар.
8 Жалақордың сөзі дәмді тағамдай+,
Оңай жұтылып, ішке түсер+.
9 Жұмысқа жалқау адам —
Ойрандатушының бауыры+.
10 Ехобаның есімі — мықты мұнара+,
Әділ жан оған қашып барып, табар пана+.
11 Байдың дәулеті бекінісі мықты қаладай,
Өз қиялында заңғар дуалдай+.
12 Құлар алдында адамның жүрегі асқақтар+,
Мерейі өсер алдында кішіпейілділік танытар+.
13 Мән-жайды тыңдамай жатып жауап қайтару —
Ақымақтық әрі масқаралық+.
14 Рухы күшті адам дертіне шыдар+,
Күйреген рухқа кім төзе алар+?
15 Түсінігі бардың жүрегі білімді иемденер+,
Дананың құлағы білім іздер.
16 Сый-тарту адамға кеңінен жол ашар+,
Оны беделділердің алдында тұрғызар.
17 Сотта бірінші сөйлегендікі жөн көрінер+,
Ал қарсыласы келгенде, сұрақ қойып тексерер+.
18 Жеребе жанжалды тоқтатып+,
Қарсыластардың дауын шешіп берер.
19 Ренжіген ағайын бекіністен де берік келер+,
Дауласқандар бекітілген қамалдай болар+.
20 Аузынан шыққан ізгі сөзімен адамның қарны тояр+,
Тілінің берген өніміне көңілі тояр.
21 Тілде өмір мен өлімнің билігі бар+,
Сөзге үйір оның жемісін татар+.
22 Адамның жақсы әйел алғаны — игілік тапқаны+,
Ехобаның ықыласына ие болғаны+.
23 Кедей жалынып сөйлер,
Бай қатал жауап берер.
24 Бір-бірін күйретуге дайын жолдастар бар+,
Туған бауырдан да жақын дос бар+.