Нақыл сөздер
23 Патшамен дастарқандас болғанда,
Алдыңдағының бәрін байқап отыр.
3 Оның жеңсік асына араның ашылып,
Тағамына алданып қалып жүрме.
6 Сараңның тамағын жеме,
Жеңсік асына қомағайланба.
7 Іштей ойлаған өз есебі бар,
“Ішіп-же”,— дегенімен, пиғылы басқа.
8 Жеген бір түйір асыңды да құсып тастарсың,
Айтқан жылы сөзің де зая кетер.
10 Ежелден қалған шегара межесін жылжытпа+,
Жетімдердің жеріне қол сұқпа.
12 Жүрегіңді ақыл-кеңеске бұр,
Құлағыңды білімге түр.
13 Баланы жөнге салудан еш тартынба+,
Таяқпен ұрғаныңнан ол өлмейді.
14 Таяқпен оны жазаласаң,
Көрге* түсуден сақтайсың.
18 Сонда келешегің жарқын болады+,
Үмітің де үзілмейді.
19 Балам, мені тыңдап, ақылды бол,
Жүрегіңді тура жолға бағытта.
24 Әділдің әкесі қуанар,
Ақылды баласына әкесі сүйсінер.
25 Әкең мен шешең шаттанар,
Дүниеге әкелген анаң қуанар.
28 Ол тонаушыдай аңдып жатар+,
Опасыз ерлердің санын көбейтер.
29 Кімде қайғы бар? Кім беймаза болар?
Кімде ұрыс-жанжал мен күңкіл шығар?
Кімде себепсіз жарақат бар?
Кімнің көзі қызарып* тұрар?
30 Мұның бәрі шарап ішіп ұзақ отыратындарда+,
Күшті шарап іздейтіндерде болар.
32 Түбінде ол жыландай шағып алар,
Сұржыландай уын шашар.
34 Ұқсарсың сен теңіздің қақ ортасындағы
Кеме діңгегінің ұшар басында жатқан адамға.
35 Сонда былай дерсің: “Ұрып еді, түк те сезбедім,
Соғып еді, ештеңе білмедім.
Қашан оянар екенмін+?
Тағы да ішімдік ішетін”.