12 Тәрбиені ұнатқан — білімді де ұнатқан+,
Ал ескертуді жек көрген — надан+.
2 Ехоба жақсы адамды ұнатады,
Зұлымдық ойластыратынды айыптайды+.
3 Ешкім зұлымдық жасап, қауіпсіз бола алмас+,
Әділ жанның ешқашан тамыры жұлынбас.
4 Жақсы әйел — күйеуінің тәжі+,
Арсыз әйел — оның сүйегіне түскен шірік+.
5 Әділдің ойлары тура,
Зұлымның берген кеңесі жалған.
6 Зұлымның сөзі қатерлі тұзақ болар+,
Шыншыл адамды аузы аман сақтар+.
7 Зұлымдар құлатылғанда, біржола жоқ болар,
Ал әділдердің шаңырағы берік тұрар+.
8 Ақылмен сөйлейтінді жұрт мақтар+,
Жүрегі бұзық адам жексұрын болар+.
9 Асқа жарымай жүріп, өзін мақтайтыннан гөрі+,
Қызметші ұстайтын қарапайым адам артық.
10 Әділ тіпті малының қамын ойлайды+,
Ал зұлымның мейірімділігінің өзі — қатыгездік.
11 Жерін өңдегеннің қарны тоқ+,
Бос нәрсеге ұмтылғанның ақылы жоқ.
12 Жаман адам зұлымның олжасына қызығар,
Тамыры мықты әділ жан жеміс берер.
13 Зұлым адам зымиян сөзінің тұзағына түсер+,
Ал әділ жан пәледен құтылар.
14 Айтқан ізгі сөзі адамды жақсылыққа тойдырар+,
Еңбек еткен қолы ақысын әперер.
15 Ақымақтың жолы өзіне түзу болып көрінер+,
Ал ақылды адам кеңесті қабыл алар+.
16 Ақымақ ашуын сол заматта көрсетеді+,
Ал парасатты адам қорлыққа мән бермейді.
17 Адал куәгер шындықты айтады,
Жалған куәгер өтірік айтады.
18 Ойланбай сөйлеген семсердей жаралайды,
Ал дананың тілі сауықтырады+.
19 Шыншылдың сөзі мәңгілік+,
Өтірікшінің сөзі бір сәттік+.
20 Залымдық ойлайтынның жүрегінде арамдық,
Татулыққа шақыратынның көңілінде шаттық+.
21 Әділ адам зардап шекпейді+,
Зұлым адам апаттан көз ашпайды+.
22 Ехоба өтірік айтатын ауыздан жиіркенеді+,
Ал адал жүріп-тұратын адамға сүйсінеді.
23 Парасатты білгенін жасырады,
Надан надандығын паш етеді+.
24 Ынталының қолы билік құратын болады+,
Жалқау қол ауыр жұмысқа салынады+.
25 Сарыуайым жүректі күйзелтеді+,
Жақсы сөз оны шаттыққа толтырады+.
26 Әділ өзіне жайылым іздейді,
Ал зұлымды өз жолы адастырады.
27 Жалқау аулауға ерінер көз алдындағы аңды+,
Ал ынталылық — адамның құнды қазынасы.
28 Әділдік жолы өмірге жетелейді+,
Бұл жолда өлім кезікпейді.