Еремия
17 “Яһуданың күнәсі темір қаламмен жазылған.
Ол алмас құралмен жүректерінің тақташасына,
Құрбандық ошақтарының мүйіздеріне ойып жазылған.
2 Тіпті құрбандық орындары мен қасиетті ағаш бағаналары* ұлдарының есінде+.
Бұлар жайқалған ағаштың маңында, ғибадат төбелерінің үстінде+,
3 Ашық жердегі таулардың төбесінде орнатылған.
Дүние-мүлкің мен күллі қазынаңды өзгеге олжа етіп беремін+.
Бүкіл елде жасаған күнәң үшін ғибадат төбелеріңді де қосып беремін+.
4 Мен сыйлаған мұралық меншігіңді өз еркіңмен бересің+.
Сені бейтаныс елде жауларыңа қызмет еткіземін+,
Өйткені қаһарымды оттай тұтаттың*+,
Ол әрқашан лаулап тұрады”.
5 Ехоба мынаны айтады:
“Пендеге сенім артатын+,
Адамның күшіне арқа сүйейтін+,
Жүрегі Ехобадан алшақтаған жанды қарғыс атсын.
6 Мұндай жан құла түздегі жалғыз ағаштай болады,
Жақсылықтың келгенін көрмейді.
Ол иен даланың қуаң тартқан жерлерінде,
Адам тұрмайтын сортаң жерде мекендейді.
8 Ол судың жағасына отырғызылған,
Тамырын аққан суға қарай жайған ағаштай болады.
Аптап түскенде, оны елемейді,
Жапырақтары әрдайым жайқалып тұрады+.
Қуаңшылық жылы еш абыржымайды,
Ұдайы жеміс беріп тұрады.
9 Адам жүрегі бәрінен де алдамшы* әрі ештеңеден тайынбайды*+.
Оны кім біле алады?
10 Мен, Ехоба, жүректі зерттеймін+,
Көңіл түбіндегі ой-сезімді* тексеремін,
Сөйтіп, әркімге ұстанған жолына қарай,
Іс-әрекетінің жемісіне қарай қарымтасын беремін+.
Өзі салмаған жұмыртқаны жинайтын кекілікке ұқсайды.
Ол өмірінің бел ортасында одан айырылып қалады,
Ақыр соңында ақымақтығы аян болады”.
12 Құдайдың о бастан-ақ мәртебесі биік,
Салтанатты тағы — біздің қасиетті орнымыз+.
13 Уа, Ехоба, Исраилдің үміті,
Сені тастап кеткендердің бәрі ұятқа қалады.
Сенен* шеттегендердің есімдері топыраққа жазылады+,
Өйткені олар өмір суының қайнар көзі сені, Ехоба, тастап кетті+.
14 Сауықтыра көр мені, уа, Ехоба, сонда сауығамын.
Құтқара көр, сонда құтқарыламын+.
Себебі мен тек өзіңді дәріптеймін.
15 Міне, маған: “Ехобаның айтқан сөзі қайда+?
Сонысы орындалсыншы!”— деп жүргендер бар.
16 Ал мен бағушы ретінде саған ілесуден бас тартқан емеспін,
Апат күнін де аңсап тілеген жоқпын.
Аузымнан шыққан сөздерімді білесің,
Олардың бәрі сенің алдыңда айтылған.
17 Мені тастап кетіп, қорқытпашы,
Апат күні бассауғалайтын панамсың.
18 Қудалаушыларым масқара болсын+,
Ал мені масқаралықтан сақтай көр.
Олардың үрейі ұшсын,
Ал мені үрейден сақтай көр.
19 Ехоба маған былай деді: “Бар да, Яһуданың патшалары кіріп-шығатын басты қақпа* мен Иерусалимнің барлық қақпасының алдына барып тұр+. 20 Оларға мынаны айт: —Осы қақпалардан кіріп-шығатын Яһуданың патшалары, Яһуданың күллі халқы, Иерусалимнің бар тұрғыны, Ехобаның сөзін тыңдаңдар. 21 Ехоба сендерге: “Өздеріңе мұқият болыңдар. Демалыс күні ешқандай жүк көтермеңдер, оларды Иерусалимнің қақпаларынан алып өтпеңдер+. 22 Демалыс күні үйлеріңнен жүк алып шықпаңдар, ешқандай жұмыс та істемеңдер+. Ата-бабаларыңа бұйырғанымдай, Демалыс күнін қасиетті тұтыңдар+. 23 Бірақ ата-бабаларың тыңдамады, құлақ та аспады. Маған мойынсұнудан және түзетуді қабыл алудан қасарысып бас тартты+”,— дейді.
24 Ал сендер маған толығымен мойынсұнатын болсаңдар,— дейді Ехоба,— Демалыс күні осы қаланың қақпаларынан ешқандай жүк алып өтпесеңдер, әрі еш жұмыс істемей, Демалыс күнін қасиетті тұтсаңдар+, 25 Дәуіттің тағында отырған патшалар мен әміршілер+ күймелер мен аттарға отырып осы қаланың қақпаларынан кіретін болады. Олар да, әміршілер де, Яһуданың адамдары мен Иерусалимнің тұрғындары да кіреді+. Бұл қалада әрқашан ел-жұрт тұратын болады. 26 Яһуда қалаларынан, Иерусалимнің айналасынан, Бениямин жерінен+, еңістіктен+ және таулы өңірден, Негевтен адамдар осында келеді. Олар Ехобаның үйіне түгел өртелетін+ және басқа да құрбандықтарды+, астық тартуларын+, ладан мен ризашылық құрбандықтарын әкеледі+.
27 Ал егер маған мойынсұнбай, Демалыс күнін қасиетті тұтпасаңдар және сол күні жүк көтеріп, Иерусалимнің қақпаларынан алып өтсеңдер, оның қақпаларына от қоямын. От Иерусалимнің бекініс мұнараларын жалмайды+, ешқашан сөнбейді+”.