Нехемия
6 Санбалат, Тобия+, арабиялық Гешем+ мен басқа да жауларымызға менің қабырғаны қайта тұрғызып+, ойық жердің бәрін бітегенім мәлім болды (бірақ ол кезде қақпаларға әлі есік орнатпаған едім+). 2 Сонда Санбалат пен Гешем дереу маған: “Кел, уақыт белгілеп, Оно аңғарындағы+ жазықта орналасқан ауылдардың бірінде кездесейік”,— деп хабар жіберді. Бірақ олар маған қастандық жасауды ойлап жатқан еді. 3 Мен оларға кісілер жіберіп: “Мұнда маңызды іспен айналысып жатырмын, бара алмаймын. Не үшін жұмысты тоқтатып, сендерге баруым керек?”— деп айтқыздым. 4 Олар төрт рет осындай хабар жіберді, төртеуіне де осылай жауап бердім.
5 Сосын Санбалат осылай деп қызметшісін бесінші рет жіберді. Оның қолында мөрленбеген ашық хат болды. 6 Хатта былай деп жазылыпты: “Айналадағы халықтардың арасында тараған сөзге қарағанда, Гешемнің+ де айтуынша, сен және яһудилер көтеріліс жасауды ойластыруда екенсіңдер+. Қабырғаны сол үшін тұрғызып жатқан көрінесіңдер. Осы хабарларға сай, өзің солардың патшасы болмақшы екенсің. 7 Сондай-ақ өзің жайлы бүкіл Иерусалимде: “Яһуданың өз патшасы бар!”— деп жариялату үшін пайғамбарлар тағайындапсың. Мұның бәрі енді патшаның құлағына жетеді. Сондықтан кел, осы мәселені бірге талқылайық”.
8 Бірақ мен оған: “Айтқандарыңның бәрі өтірік. Оларды ойыңнан шығарып тұрсың”,— деп айтып жібердім. 9 Жауларымыз бізді қорқытуға тырысып: “Олардың қолдары әлсіреп, жұмысты аяқтай алмай қалады”,— десті+. Уа, Құдайым, қолыма қуат бере көр+!
10 Содан мен Мехетабелдің немересі, Делаях ұлы Шемаяхтың үйіне бардым, үйін ішінен бекітіп алған екен. Ол маған: “Құдайдың үйінде, ғибадатхана ішінде, кездесіп, есігін жауып алайық. Олар сені өлтірмекші. Түнде келіп, мерт қылмақ”,— деді. 11 Бірақ оған: “Мендей адамның қашқаны жөн бе? Мендей адам ғибадатханаға кіріп, аман қала алар ма екен+? Жоқ, онда бармаймын”,— деп жауап бердім. 12 Сонда Шемаяхты Құдай жібермегенін түсіндім. Маған қарсы осы пайғамбарлықты айтқызу үшін, оны Тобия мен Санбалат+ жалдаған екен. 13 Олардың көздегені мені қорқытып, күнә жасату болды. Осылай беделімді түсіріп, жаманатты етуге себеп таппақ еді.
14 Уа, Құдайым, Тобия+ мен Санбалатты осы істегендеріне қарай жазалай көр, сондай-ақ әйел пайғамбар Ноғадияның және мені үнемі қорқытпақ болған басқа да пайғамбарлардың сазайын тартқыза көр.
15 Содан қабырға елул* айының жиырма бесінші күні, 52 күн ішінде, тұрғызылып бітті.
16 Жауларымыздың бәрі бұл туралы естігенде және айналадағы халықтар оны көргенде, жерге қарады+. Олар бұл жұмыстың Құдайымыздың көмегімен істелгенін түсінді. 17 Сол күндері Яһуданың беделді кісілері+ Тобияға көптеген хаттар жазып, одан да хат алып тұрды. 18 Яһудадағы көп адам қолдау көрсетеміз деп Тобиямен сөз байласқан еді. Өйткені ол Арах+ ұлы Шеханияның күйеубаласы болатын. Ал оның ұлы Жоханан Берекия ұлы Мешуламның+ қызына үйленген еді. 19 Сол яһудилер маған Тобияны қоймай мақтап, ал менің сөздерімді оған жеткізіп тұрды. Тобия болса мені қорқытпақ болып хат жіберіп отырды+.