Амос
5 “Уа, Исраил үйі, сендер туралы айтқан қайғылы жырымды тыңдаңдар:
2 Пәк қыз, Исраил, құлады,
Орнынан қайта тұра алмай жатыр.
Ол өз жерінде жалғыз қалды,
Оны тұрғызатын ешкім жоқ.
3 Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады:
—Қаладан соғысқа аттанған мың сарбаздың жүзі ғана қалады,
Ал жүз сарбаздың оны ғана қалады.
Міне, Исраил үйімен осылай болады+.
4 Ехоба Исраил үйіне мынаны айтады:
—Мені іздеңдер, сонда тірі жүресіңдер+.
Ғылғалға да бармаңдар+,
Бер-Шебаға да өтпеңдер+,
Өйткені Ғылғал айдалып кетеді+,
Бетел құрып жоқ болады*.
6 Ехобаны іздеңдер, сонда тірі жүресіңдер+.
Әйтпесе ол Жүсіптің үйіне оттай лап беріп,
Бетелді жалмайды, оны сөндіретін ешкім болмайды.
7 Әділеттілікті ащы жусанға айналдырдыңдар,
Әділдікті аяқасты етіп, таптап жатырсыңдар+.
8 Ол Кима* мен Кесил* шоқжұлдыздарын жаратты+.
Ол қара түнекті таңға айналдырады,
Күнді қап-қараңғы түн етеді+,
Теңіздің суын жинап,
Сосын оны жер бетіне төгеді+.
Есімі оның — Ехоба.
9 Ол мықтыларды лезде-ақ құртып,
Бекіністі жерлерді тас-талқан етеді.
10 Сендер қала қақпасының маңында сөгіс берген адамды жек көресіңдер,
Шындықты айтқан кісіден жиіркенесіңдер+.
11 Жалға алған жерінің ақысына кедейден өнім талап етесіңдер,
Жинаған астығын алым ретінде алып қоясыңдар+.
Сондықтан қашалған тастан соққан үйлеріңде тұрмайсыңдар+,
Отырғызған таңдаулы жүзімдіктеріңнің шарабын ішпейсіңдер+.
Әділге қиянат жасадыңдар,
Қылмысты жасыру үшін пара алдыңдар,
Қала қақпасының алдында кедейді құқығынан айырдыңдар+.
13 Сондықтан парасатты жан сол уақытта үндемейді,
Себебі қиын-қыстау уақыт болады+.
Өздерің айтып жүргендей,
Әскербасы Ехоба Құдай сендерге жар болады+.
Сонда Әскербасы Ехоба Құдай
Жүсіптің тамтығына шапағатын түсірер+.
16 Сондықтан Ехоба, Әскербасы Ехоба Құдай, мынаны айтады:
—Барлық алаңда жұрт зар еңірейтін болады,
Барлық көшеде олар “Әттең! Әттең!” деседі.
Олар диқандарды аза тұтуға,
Шебер жоқтаушыларды жоқтау айтуға шақырады.
17 Әрбір жүзімдікте зар жылаған дауыстар естіледі+,
Өйткені сендерді жазалау үшін араларыңнан өтемін,— дейді Ехоба.
18 Ехобаның күнін аңсайтындар, қасіретке қаласыңдар+!
Ендеше Ехобаның күнінен не күтесіңдер+?
Ол — жарық емес, қараңғылық басатын күн ғой+!
19 Сол күн адам арыстаннан қашып, аюға кезіккендей,
Яки үйіне кіріп, қабырғаға сүйенгенде, қолын жылан шағып алғандай болады.
20 Ехобаның күні жарық емес, қараңғы болады емес пе?!
Ол жарқырамай, қайта, қарауытатын күн емес пе?!
22 Маған тіпті түгел өртелетін құрбандық пен сый-тарту әкелсеңдер де,
Оларың маған еш ұнамайды+.
Татулық құрбандығына әкелген қоңды малдарыңды қабыл алмаймын+.
23 Шуламай, өлеңдеріңді доғарыңдар,
Ішекті аспаптарыңның әуенін маған естіртпеңдер+.
24 Елдеріңде әділеттілік судай ақсын+,
Әділдік те толассыз ағып жатсын.
25 Уа, Исраил үйі, қырық жыл шөл далада жүргенде,
Маған құрбандық шалып, сый-тарту ұсынып па едіңдер+?
26 Міне, енді өздеріңе жасап алған жұлдыз тәңірдің бейнелерін,
Яғни Сиқут патшаларың мен Қиюнды*, көтеріп кетуге мәжбүр боласыңдар.
27 Мен сендерді Дамаскіден ары жер аударып жіберемін+,— дейді Құдай.
Оның есімі — Әскербасы Ехоба Құдай+”.