Еремия
1 Бұл — Бениямин жеріндегі Анатот+ қаласындағы діни қызметкерлердің бірі Хелкияның ұлы Еремияның* сөздері. 2 Яһуда патшасы Амонның+ ұлы Жосияның+ билік құруының он үшінші жылында Ехоба* Құдай Еремияға сөзін арнады. 3 Сондай-ақ Құдай оған өз сөзін Яһуда патшасы Жосия ұлы Ехоякімнің+ күндерінде, Яһуда патшасы Жосия ұлы Седекияның+ билігінің соңына дейін (яғни он бірінші жылына дейін), Иерусалим тұрғындары бесінші айда жер аударылғанға дейін жеткізіп отырды+.
4 Ехоба маған былай деді:
Халықтарға сені пайғамбар етіп қойғанмын”.
6 Бірақ мен: “О, Әлемнің Әміршісі Ехоба!
Мен жұрт алдында сөйлей алмаймын+, әлі жаспын ғой+”,— дедім.
7 Сонда Ехоба маған былай деді:
9 Сөйтті де Ехоба қолын созып, аузыма тигізді+. Сосын Ехоба маған: “Міне, сөздерімді аузыңа салдым+. 10 Бүгін сені халықтар мен патшалықтардан үстем етемін. Сен оларды тамырымен жұласың және құлатасың, жоясың және құртасың, тұрғызасың және егесің+”,— деді.
11 Ехоба маған тағы да сөзін арнап: “Еремия, не көріп тұрсың?”— деді. Мен: “Бадам ағашының* бұтағын”,— деп жауап бердім. 12 Сонда Ехоба маған: “Дұрыс. Мен сөзімді жүзеге асыру үшін сергек* тұрмын”,— деді.
13 Бұдан кейін Ехоба маған екінші рет сөзін арнап былай деді: “Не көріп тұрсың?” Мен: “Қайнап тұрған үлкен қазанды көріп тұрмын. Оның аузы солтүстіктен бері қарай еңкейген екен”,— деп жауап бердім. 14 Сонда Ехоба маған былай деді:
“Осы елдің барлық тұрғынына
Солтүстіктен апат келеді+.
15 Мен, Ехоба, былай деймін: —Солтүстіктегі патшалықтардың бар тайпасын шақырамын+.
Олар келіп, Иерусалим қақпаларының кіреберісіне+
Әрқайсысы өз тағын орнатады.
Қаланы қоршаған қабырғаларға,
Яһуданың күллі қаласына шабуылдайды+.
16 Мен бар зұлымдығы үшін үкімімді жариялаймын,
Себебі олар мені тастап кетті+,
Өзге тәңірлерге арнап құрбандық түтінін шығарып+,
Өз қолдарымен жасаған нәрселерге табынуда+.
17 Ал сен беліңді бекем бу,
Тұрып, бұйырғандарымның бәрін оларға жеткіз.
Олардан үрейленіп қорықпа+,
Әйтпесе олардың алдында өзіңнің үрейіңді ұшырамын.
18 Бүгін мен сені бүкіл елге қарсы тұратын бекіністі қала,
Темір бағана және мыс қабырға іспетті етемін+.
Осылай Яһуданың патшалары мен басшыларына,
Оның діни қызметкерлері мен халқына төтеп бересің+.