Самуилдің 1-жазбасы
18 Дәуіт пен Саул әңгімелесіп болған соң, Жонатан+ мен Дәуіт айнымас дос болып, Жонатан оны жанындай жақсы көріп кетті+. 2 Сол күннен бастап Саул Дәуітті әкесінің үйіне қайтармай, қасына алып қалды+. 3 Жонатан Дәуітті жанындай жақсы көргендіктен+, екеуі дос болуға серт байласты+. 4 Ол жеңсіз көйлегін Дәуітке шешіп берді. Сондай-ақ басқа да киімдерін, семсерін, садағы мен белдігін де сыйлады. 5 Содан Дәуіт жорыққа шыға бастады. Қайда жұмсаса да, бар ісін ақылмен атқаратындықтан+, Саул оны сарбаздарға басшы етіп қойды+. Бұл бүкіл халыққа, Саулдың қызметшілеріне де ұнады.
6 Дәуіт пен өзге сарбаздар філістірлерді жеңіп, елге қайтып келе жатқанда, Саул патшаны қарсы алу үшін Исраилдің бүкіл қалаларынан жиналған әйелдер үш ішекті аспап пен даңғырада ойнап+, би билеп, ән айтып+, қуана алдарынан шығатын. 7 Жеңісті тойлаған әйелдер былай деп әндететін:
“Саул мыңдаған жауды қырды,
Ал Дәуіт он мыңдағанын жайратты”+.
8 Саул бұл сөздерді мүлдем ұнатпайтын. Бірде ол қатты ашуланып+, іштей: “Олар Дәуітке қырылған жаудың он мыңдағаны, ал маған небәрі мыңдағаны үшін мақтау айтады. Енді оған тек патша болу жетпей тұр+!”— деді. 9 Сол күннен бастап ол Дәуітке күдіктене қарайтын болды.
10 Келесі күні Дәуіт әдеттегідей патша сарайында арфа тартып отырғанда+, Саулға Құдай жіберген жаман рух әсер етіп+, өзін біртүрлі ұстай бастады. Оның қолында найзасы бар еді+. 11 Сонда ол “Дәуітті қабырғаға қадап қоямын” деген оймен найзасын оған қарай лақтырып жіберді+. Бірақ Дәуіт жалтарып үлгерді. Мұндай жағдай екі рет болды. 12 Саул одан қорқа бастады, өйткені Ехоба оны тастап кетіп+, Дәуітке жар болып жүрген еді+. 13 Сондықтан патша оны өзінен алыстатып, мыңбасы етіп қойды. Содан Дәуіт жорықтарда сарбаздарды бастап жүретін болды+. 14 Ол барлық ісін ақылмен атқаратын+, әрі Ехоба оған жар болып жүрді+. 15 Оның әрқашан ақылмен әрекет ететінін көріп, Саул одан бетер қорықты. 16 Ал бүкіл Исраил мен Яһуда халқы Дәуітті жақсы көрді, өйткені ол жорықтарда басшылық ететін.
17 Бірде Саул Дәуітке: “Үлкен қызым Мерабты+ саған беремін+, тек маған ерлікпен қызмет етіп, Ехоба үшін соғыса бер+”,— деді. Ал ішінен: “Ол менің емес, філістірлердің қолынан қаза тапсын”,— деп ойлады+. 18 Бұған ол: “Патшаның күйеубаласы болатындай мен кіммін, Исраилде туыстарым мен әкемнің үй іші кім+?!”— деп жауап берді. 19 Алайда Мерабты Дәуітке ұзататын уақыт келгенде, Саул оны мехолалық Әдіриелге+ беріп қойғаны белгілі болды.
20 Саулдың Михал+ деген қызы Дәуітке ғашық болатын. Мұны естігенде, бұл Саулға ұнап: 21 “Осы қызымды Дәуітке қоссам, ол оған тұзақ болып, філістірлер арқылы көзін құрта алатын шығармын,— деп ойлады да+, Дәуітке екінші рет: —Сен патшаның күйеубаласы боласың”,— деді. 22 Сосын қызметшілеріне мынаны бұйырды: “Дәуітке оңашада: —Сен патшаға да, барлық қызметшілеріне де ұнайсың. Ендеше, патшаға күйеубала болмайсың ба?!— деңдер”. 23 Олар Дәуітке осылай дегенде, ол: “Патшаның күйеубаласы болу оңай дейсіңдер ме? Мен кедеймін, беделді де емеспін”,— деп жауап берді+. 24 Қызметшілері оның сөздерін Саулға айтып берді.
25 Бұған Саул мынаны айтты: “Оған былай деңдер: —Патша жауларынан өш алғысы келеді, сондықтан қалыңмалдан+ гөрі жүз філістірдің сүндет терісін артық көріп отыр+”. Шындығына келгенде, Саул Дәуітті філістірлердің қолымен құртпақ еді. 26 Қызметшілер бұл сөздерді Дәуітке жеткізгенде, патшаның күйеубаласы болуға қатысты ой оған ұнады+. Сөйтіп, ол белгіленген уақыт бітпей тұрғанда, 27 жігіттерімен жорыққа аттанып, 200 філістірді өлтірді де, патшаның шарты бойынша, сүндет терілерін алып келді. Сондықтан патша оған қызы Михалды әйелдікке берді+. 28 Сонда Саул Дәуітке Ехобаның жар екенін+, әрі қызы Михалдың оны сүйетінін түсінді+. 29 Саул Дәуіттен бұрынғыдан бетер қорқып, оны өле-өлгенше жау көріп өтті+.
30 Філістір бекзадалары шабуыл жасауын қоймады. Дәуіт олармен шайқасқан сайын, Саулдың басқа қызметшілерінен әлдеқайда ақылдырақ әрекет ететін+. Осылай оның мерейі өсе берді+.