Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Ехобаның қызметшісі Дәуіттің әні. Ол бұл әнді Ехоба оны Саулдың және бар жауының қолынан құтқарған күні Ехобаға арнап айтқан. Ол былай деді+:
18 Мен сені жақсы көремін, уа, Ехоба, менің күш-қуатым+.
2 Ехоба — асқар тауым әрі қорғаным, менің Құтқарушым+.
3 Мадаққа лайық Ехобаға сиынамын,
Сонда жауларымнан құтқарыламын+.
6 Бойымды қайғы меңдегенде, Ехобаға жүгіндім,
Құдайыма жалбарына сиындым.
12 Алдында оның керемет жарық болды,
Ондағы бұлттардан бұршақ пен қызған шоқ шашырады.
13 Сосын Ехоба көктен күн күркіретті+,
Алла Тағала даусын гүрілдетті+,
Сонда бұршақ пен қызған шоқ нөсерледі.
15 Өзендердің түбі көрінді+;
Уа, Ехоба, сенің сөгісіңнен,
Танауыңның екпінді лебінен,
Жердің негіздері жалаңаштанды+.
16 Ол көктен қолын созды,
Мені ұстап, терең судан шығарып алды+.
17 Күші басым жауымнан,
Мені жек көретін мықты дұшпандарымнан құтқарды+.
18 Бақытсыздыққа ұшырағанымда, олар қарсы шығып еді+,
Бірақ Ехоба маған тірек болды.
21 Себебі мен Ехобаның жолымен жүрдім,
Құдайымнан безіп зұлымдық та жасамадым.
22 Барлық шешімдері көз алдымда,
Құрмет тұтамын жарлықтарын да.
24 Лайым Ехоба әділдігіме қарай қарымтамды берсін+,
Алдында кінәратсыз жүргеніме қарай есемді қайтарсын+.
Ол — өзін паналағандар үшін қалқан+.
31 Ехобадан басқа Құдай бар ма+?!
Құдайымыздан басқа жартас бар ма+?!
33 Аяғымды маралдікіндей жүйрік етеді,
Биік жерлерге нық тұрғызады+.
34 Қолымды үйретеді шайқасуға,
Сонда ие аламын мыс садақты да.
36 Қадам басар жолымды кеңейтесің,
Аяғым еш таймайды+.
37 Жауларымның соңына түсіп, қуып жетемін,
Оларды түгел жоймай қайтпаймын.
38 Енді қайтып бас көтермейтіндей етіп талқандаймын+,
Оларды аяғымның астына жығамын.
39 Сен маған шайқасуға күш сыйлайсың,
Дұшпандарымды аяғыма жығасың+.
41 Олар көмек сұрап айғайлайды, бірақ ешкім құтқармайды,
Тіпті Ехобаға жалбарынады, бірақ одан еш жауап алмайды.
42 Мен оларды жел көтерген тозаңдай ұнтақтаймын,
Көшедегі балшықтай лақтырып тастаймын.
43 Сен мені кінәлатып қоймайсың өз халқыма+,
Басшы етіп тағайындайсың ұлттарға+,
Маған қызмет етеді өзім білмеген халық та+.
44 Мен туралы естігеннен-ақ мойынсұнатын болады,
Жатжерліктер маған келіп жағымпазданады+.
45 Жатжерліктер батылдықтан жұрдай болады,
Дірілдеп қамалдарынан шығады.
46 Ехоба — тірі Құдай! Жартасым мадақталсын+!
Құтқарушы Құдайым даңқталсын+!
47 Шынайы Құдай мен үшін кек алады+,
Халықтарды маған бағындырады.
48 Ол мені ашулы жауларымнан құтқарады.
Уа, Құдай, маған шабуылдағандардан сен мені жоғары қоясың+,
Зұлым адамнан аман сақтап қаласың.