Зәбүр
Маскил*. Езарахтық Етанның+ жыры.
89 Мен Ехобаның көрсеткен айнымас сүйіспеншілігі жайлы мәңгі жырлаймын.
Сенің адалдығыңды аузымнан тастамай, күллі ұрпаққа айтамын.
2 Өйткені мен: “Айнымас сүйіспеншілік мәңгі бақи нығая береді*+;
Сен адалдығыңды көкте берік орнаттың”,— дедім.
3 Сен былай дедің: “Мен өзім таңдаған қызметшім Дәуітпен келісім жасастым+,
Оған былай деп ант еттім+:
5 Уа, Ехоба, көк сенің кереметтеріңді даңқтайды,
Иә, қасиеттілердің қауымында адалдығыңды мадақтайды.
6 Аспанда Ехобамен кім теңесе алады+?
Құдай ұлдарының+ арасында Ехоба сияқты кім бар?
7 Құдай қасиеттілердің кеңесінде қастерлі қорқыныш тудырады+,
Ол айналасындағылар үшін ұлы да айбынды+.
Сен әрдайым адалдық танытасың+.
11 Көк те, жер де сенікі+,
Құнарлы жер мен ондағының бәрі де сенікі+;
Олардың негізін қалаған өзіңсің.
14 Тағыңның негізі — әділдік пен әділеттілік+.
Алдыңда тұрады айнымас сүйіспеншілік пен адалдық+.
15 Шаттық үніне қосылатындар бақытты+.
Уа, Ехоба, олар жүзіңнің нұрында жүреді.
16 Күні бойы есіміңе қуанады,
Әділдігің арқылы асқақтайды.
17 Өйткені күштерінің көркі өзіңсің+.
Біздің күшіміз сенің ықыласыңның арқасында асқақтайды+.
18 Себебі қалқанымыз Ехобаға тиесілі,
Патшамыз да Исраилдің Киелі Құдайының меншігі+.
19 Сол уақытта сен адал қызметшілеріңе аян беріп, мынаны айттың:
21 Оны қолыммен демеймін+,
Білегіммен оған күш беремін.
22 Ешбір жау оған салық салмайды,
Әділетсіз адам қысым жасамайды+.
24 Оған адалдық танытамын, айнымас сүйіспеншілік көрсетемін+,
Менің есімім арқылы оның күші асқақтайтын болады.
25 Оны теңіздің үстінен,
Өзендердің үстінен билік еткіземін+.
26 Ол мені: —Сен менің Әкемсің,
Құдайым әрі құтқарушы Жартасымсың+,— деп шақырады.
30 Ал егер ұлдары заңымнан бас тартса,
Шешімдеріме сай жүрмесе,
31 Жарлықтарымды бұзса,
Өсиеттерімді орындамаса,
32 Тілазарлықтары үшін таяқпен,
Күнә жасағандары үшін қамшымен жазалаймын+.
33 Бірақ оған деген айнымас сүйіспеншілігімнен еш бас тартпаймын+,
Берген уәдемнен де таймаймын.
35 Мен киелілігіммен біржола ант еттім,
Дәуітке жалған сөйлемеймін+.
37 Ай іспетті мәңгі берік тұрады,
Аспандағы адал куәгердей болады”. (Села)
38 Бірақ өзің одан теріс айналдың, бас тарттың+,
Майланғаныңа ашуландың.
39 Қызметшіңмен жасасқан келісіміңнен сырт айналдың,
Басындағы тәжін жерге лақтырып, арамдадың.
40 Тас дуалдарын бұзып тастадың,
Бекіністерін үйіндіге айналдырдың.
41 Жолшыбай өткендер оны тонайды,
Көршілері келекелеп мазақтайды+.
42 Жауларына жеңіс сыйладың+,
Дұшпандарының бәрін қуанышқа бөледің.
43 Оның семсеріне тағы да қарсы шықтың,
Шайқаста жеңіске жеткізбедің.
44 Сән-салтанатын жоқ қылдың,
Тағын жерге алып ұрдың.
45 Жастық шағын қысқарттың,
Масқараны киім етіп кигіздің. (Села)
46 Уа, Ехоба, қашанғы жасырынасың? Мәңгі ме+?
Қаһарың оттай лаулай бере ме?
47 Өмірімнің қаншалықты қысқа екенін ұмытпашы+!
Адам атаулыны еш мақсатсыз жаратқаның ба?
48 Кім өлім көрмей, жасай бере алады+?
Кім көрдің* құдіретінен жанын* сақтап қала алады? (Села)
49 Уа, Ехоба, адалдығыңмен Дәуітке ант етіп,
Айнымас сүйіспеншілігіңмен жасаған бұрынғы істерің қайда+?
50 Уа, Ехоба, қызметшілеріңнің әбден мазаққа қалғанын есіңде ұсташы,
Менің күллі халықтың мазағына төзуге мәжбүр екенімді ұмытпашы,
51 Уа, Ехоба, жауларыңның майланғаныңды әбден қорлап жатқанын,
Оның жасаған әр ісін қорлап жатқанын ұмытпашы.