Титке
3 Мыналарды әрі қарай да естеріне сала бер: олар үкімет пен билік иелеріне бағынсын+, мойынсұнсын, барша игі іске дайын болсын, 2 ешкімді тілдемесін, даукес болмай, қайта, бәріне бірдей жұмсақтық танытсын+, есті*+ болсын. 3 Себебі біз де кезінде түйсіксіз, тілазар болдық, адасып жүрдік, түрлі қалауымыз бен құмарлықтарымыздың құлы болдық, зұлымдық пен қызғанышқа беріліп өмір кештік, өзгелерге жексұрын болдық, бір-бірімізді де жек көрдік.
4 Алайда Құтқарушы Құдайымыздың мейірімі+ мен адамзатқа деген сүйіспеншілігі көрсетілгенде, 5 ол бізді қандай да бір әділ істеріміз үшін емес+, мейірімді болғандықтан құтқарды+. Мұны ол бізді өмірге әкелу үшін тазарту*+ және киелі рухпен жаңарту арқылы істеді+. 6 Құтқарушы Иса Мәсіх арқылы ол бізге киелі рухын молынан берді+. 7 Біз оның рақымымен әділ деп жарияланғаннан кейін+, үмітімізге сай, мәңгілік өмірді+ мұра етеміз+.
8 Бұл — сенім артуға тұратын сөздер. Құдайға сенетіндер ізгі істер жасай беруге ден қою үшін, осы жайттарға әрдайым баса назар аударғаныңды қалаймын. Өйткені бұлар адамдарға ізгілікті әрі пайдалы.
9 Мәнсіз айтыстардан, шежірелерді зерттеуден, дауласудан, Заң туралы тартыстардан аулақ бол. Олар еш пайдасыз, бос әурешілік+. 10 Секта құратын+ әркімге бір-екі рет ескерту жаса+, тыңдамаса, онымен байланысты үз+. 11 Мұндай адамның жолдан адасып, күнә жасап жүргенін әрі өз үкімін өзі шығарғанын білесің.
12 Артеманы не Тихикті+ саған жібергенімде, мүмкіндігінше, Никополға келуге тырыс, себебі мен сол жерде қыстап шығуды шештім. 13 Заңды жетік білетін Зенаға және Аполлосқа жолдарына қажеттінің бәрін жақсылап дайындап беруге тырыс+. 14 Біздің бауырластар да өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін игі істер жасай беруді үйренсін+, сонда қызметтері өнімді болады+.
15 Қасымдағылардың бәрі де саған сәлем айтып жатыр. Бізді жақсы көретін бауырластарға сәлемімді жеткіз.
Барлығыңа Құдайдың рақымы жаусын!