Яһуда
1 Мен, Иса Мәсіхтің құлы әрі Жақыптың+ бауыры Яһуда, Құдай Әкемен бірлікте болып+, сүйіспеншілігіне бөленген және Иса Мәсіх үшін сақталғандарға+ жазып отырмын.
2 Құдай сендерге мейірімін, тыныштығы мен сүйіспеншілігін молынан сыйлай көрсін.
3 Сүйікті бауырластар, мен өзімізге ортақ құтқарылуымыз+ жайлы жазуды қатты қалаған едім, бірақ сендерді қасиеттілерге біржола берілген сенім үшін аянбай күресуге талпындыруды қажет деп таптым+. 4 Себебі кейбіреулер араларыңа еніп алыпты. Олардың сотталатыны Жазбаларда баяғыда-ақ айтылып кеткен. Осы құдайсыздар өздерінің өрескел қылықтарын*+ ақтау үшін Құдайымыздың рақымын теріс қолданып, жалғыз қожайынымыз әрі Иеміз Иса Мәсіхтен бас тартады+.
5 Өздерің бұрыннан білсеңдер де, келесі жайттарды естеріңе салғым келіп отыр: Ехоба* өз халқын Мысыр елінен құтқарғанымен+, кейіннен сенімі жоқтарды жойып жіберді+. 6 Сондай-ақ ол бастапқы орындарын сақтамай, тиесілі тұрағын тастап кеткен періштелерді+ қара түнекте мәңгілік бұғаумен бұғаулап, сотталатын ұлы күнге сақтап отыр+. 7 Сол сияқты, Содом, Ғомора және айналасындағы қалалар да әлгі періштелер іспетті азғындыққа* әбден беріліп, табиғатқа қайшы тән құмарлықтарына салынды+. Сондықтан олар мәңгілік отпен жазаланып+, біз үшін ескерту болды.
8 Тап солай, жаңсақ пікірде* жүрген бұл адамдар да тәндерін арамдап, билігі барларды құрметтемей, даңққа бөленгендерге тіл тигізіп жүр+. 9 Ал бас періште+ Микайл+ Ібіліспен келіспей, Мұсаның мәйіті жайлы айтысқанда+, оған тіл тигізуге дәті бармай+: “Сені Ехоба айыптасын!”— деп қана қойған+. 10 Бұлар болса өздері түсінбейтін рухани нәрселердің барлығы жөнінде жаман сөздер айтады+. Олар санасыз аңдар сияқты барлық нәрсені түйсіктеріне сүйеніп істеп+, өздерін құртып жатыр.
11 Бұларға қасірет! Өйткені Қабылдың ізімен кетті+, сыйға бола Балағамның теріс жолына түсті+, Қорах іспетті+ қарсы сөздер айтқаны үшін жойылды+. 12 Достық отырыстарыңа келіп, сендермен бірге тойлайтын бұлар су астындағы қауіпті жартастар+; қорықпастан* тек өз қамын ойлайтын шопандар+; жел айдаған жаңбырсыз бұлттар+; тамырымен жұлынған, біржола өлген* жеміссіз күзгі ағаштар; 13 ұятсыз істерін көрсетіп, көбік шаша буырқанған теңіз толқындары+; мәңгі бақи қара түнекте болатын адасқан жұлдыздар+.
14 Олар жөнінде Адам атадан кейінгі жетінші буын Енох+ та былай деп пайғамбарлық еткен: “Міне, Ехоба сансыз көп киелі періштесімен келді+. 15 Ол бәрін соттап+, құдайсыздардың арсыздықпен істеген зұлым істерін және күнәкарлардың өзіне қарсы айтқан барлық сұмдық сөздерін әшкерелеу үшін келді+”.
16 Өмірлеріне наразы болып, күңкілдеп жүретін бұл адамдар+ өз құмарлықтарына сай әрекет етеді+, сондай-ақ бас пайдалары үшін көпіре мақтанып, өзгелерге жағымпазданады+.
17 Ал сендер, сүйікті бауырластар, Иеміз Иса Мәсіхтің елшілері алдын ала айтып кеткендерді естеріңе түсіріңдер. 18 Олар сендерге: “Соңғы уақытта арсыз құмарлықтарына сай әрекет ететін келемеждеушілер шығады”+,— деуші еді. 19 Араға жік салатын+ мұндай адамдарда Құдай рухы жоқ, олар тәннің жетегінде жүреді. 20 Ал сендер, сүйікті бауырластар, ең қасиетті сенімдеріңді негіз етіп, өздеріңді рухани нығайтып, киелі рухқа кенеліп дұға етіңдер+, 21 осылайша мәңгілік өмірге жеткізетін+ Иеміз Иса Мәсіхтің мейірімділігін күте жүріп, Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар+. 22 Сондай-ақ күмәнданып жүргендерге+ мейірімді болып+, 23 оларды оттан суырып алғандай құтқарыңдар+. Өзгелеріне де мейірімділік таныта беріңдер, мұны қорқынышпен әрі тәндік істерімен былғанған киімдерінен жирене отырып істеңдер+.
24 Ал сендерді зор қуанышқа бөлеп, сүрінуден сақтай алатын және өзінің салтанатының алдында пәк таза күйде+ тұрғыза алатын 25 жалғыз Құтқарушы Құдайымызға Иеміз Иса Мәсіх арқылы даңқ, ұлылық, құдірет пен билік барлық заманда онікі болғандай, қазір де, мәңгілік те бола берсін! Аумин.