Жохан
2 Екі күннен кейін Ғалилеядағы Қанада үйлену тойы болды, Исаның анасы сол жерде еді. 2 Иса мен оның шәкірттері де тойға шақырылды.
3 Шарап таусылғанда, анасы Исаға: “Олардың шарабы жоқ”,— деді. 4 Бірақ Иса: “Бұның екеумізге қандай қатысы бар? Менің уақытым әлі келген жоқ”,— деп жауап қатты. 5 Сонда анасы қызмет көрсетіп жүргендерге: “Ол не айтса, соны істеңдер”,— деді. 6 Сол жерде яһудилердің тазару ережелеріне сай+, алты тас құмыра бар еді, оның әрқайсысына шамамен 44-тен 66 литрге* дейін су сыятын. 7 Иса қызмет көрсетушілерге: “Құмыраларды суға толтырыңдар”,— деді. Олар құмыраларды ернеулете толтырды. 8 Сосын ол: “Аздап алып, асабаға апарыңдар”,— деді. Қызметшілер солай етті. 9 Асаба шарапқа айналған суды татып көрді. Бірақ оның қайдан екенін білген жоқ, мұны суды шөміштеп алған қызметшілер ғана білетін. Асаба күйеужігітті шақырып алып, 10 былай деді: “Жұрт алдымен жақсы шарабын, ал қонақтар қызып алғанда, нашарлауын береді. Сен болсаң жақсысын осы уақытқа дейін сақтап қойыпсың”. 11 Осылай Иса Ғалилеядағы Қанада алғашқы кереметін жасап, өзінің құдіретін көрсетті+. Ал шәкірттері оған сенді.
12 Содан соң Иса анасы, інілері+ және шәкірттерімен бірге Қапарнаумға барды+. Бірақ онда ұзақ болған жоқ.
13 Яһудилердің Құтқарылу мейрамы*+ жақындағанда, Иса Иерусалимге барды. 14 Ол ғибадатханада сиыр, қой, көгершін+ сатушыларды және ақша айырбастаушыларды көрді де, 15 кендірден қамшы жасап алып, қой, сиырларымен қоса сатушылардың бәрін ғибадатханадан қуып шықты. Ал ақша айырбастаушылардың тиындарын шашып, үстелдерін аударып тастады+. 16 Сосын көгершін сатушыларға: “Мыналарыңды бұл жерден алып кетіңдер! Әкемнің үйін базарға айналдыруды доғарыңдар!”+— деді. 17 Сонда шәкірттерінің есіне Жазбадағы “бойымды сенің үйіңе деген құлшыныс кернейді” деген сөздер түсті+.
18 Ал яһудилер одан: “Мұны істеуге қақың бар екенін қандай кереметпен дәлелдейсің?”+— деп сұрады. 19 Иса: “Мына ғибадатхананы қиратыңдар, мен оны үш күнде қайта тұрғызамын”+,— деді. 20 Яһудилер болса: “Бұл ғибадатхана 46 жыл бойы салынған, ал сен оны үш күнде тұрғызбақпысың?”— деді. 21 Бірақ ол “ғибадатхана” деп өзінің денесін айтқан еді+. 22 Ал Иса өлімнен қайта тірілгенде, шәкірттері кезінде оның осылай айтатынын естеріне түсіріп+, Жазбаларға және оның айтқандарына сенді.
23 Исаның Иерусалимде Құтқарылу мейрамында жасаған кереметтерін көрген көп адам оған сенді. 24 Бірақ Иса оларға сенім арта қоймады, себебі олардың бәрін жақсы білетін. 25 Ол әрбір адамның жүрегін көретіндіктен+, біреудің өзге адам туралы айтып бергенін қажет етпеді.