Қорынттықтарға 2-хат
3 Сендерге өзімізді тағы да таныстыруымыз керек пе? Әлде біз де кейбіреулер іспетті сендерге кепілдеме хат беруге немесе сендерден оны алуға мұқтажбыз ба? 2 Жұрттың бәрі білетін әрі оқитын, жүрегімізге жазылған хат өздеріңсіңдер+. 3 Өйткені біздің қызметіміз арқылы жазылған Мәсіхтің хаты сендер екендерің көрініп тұр+. Бұл хат сиямен емес, тірі Құдайдың рухымен, тас тақташаларға емес+, жүректерге жазылды+.
4 Бұны Мәсіх арқылы Құдай алдында сенімділікпен айта аламыз. 5 Бұл істі өзіміз жарамды болғандықтан емес, Құдай жарамды еткендіктен атқарудамыз+. 6 Ол бізді жаңа келісімнің+, жазбаша заңның емес+, киелі рухтың қызметшілері болуға жарамды етті. Себебі жазбаша заң өлімге кеседі+, ал Құдай рухы өмір береді+.
7 Сол өлімге апаратын және тасқа қашалып жазылған+ Заң ұлылықпен берілген еді. Себебі Исраил ұлдары Мұсаның, өткінші болса да, ұлылық нұрын шашып тұрған бет-жүзіне қарап тұра алмады+. 8 Онда рухтың қызметінің+ ұлылығы+ одан да зор болу керек емес пе? 9 Егер өлімге кесетін Заң+ ұлы болған болса+, онда әділдікке жеткізетін қызметтің ұлылығы одан да зор+! 10 Кезінде ұлылықпен берілген Заң ұлылығы өзінен асып түсетін жаңа келісім келгенде, ұлылығынан айырылды+. 11 Егер өткінші болған Заң ұлылықпен берілген болса+, біржола қалатын жаңа келісімнің ұлылығы одан да зор+!
12 Осындай үмітіміз болғандықтан+, емін-еркін сөйлейміз, 13 әрі Исраил ұлдары өткінші Заңмен түбінде не болатынын көрмесін деп, бетін пердемен жауып алған Мұса+ сияқты істемейміз. 14 Олардың санасын қараңғылық басқан еді+. Әлі күнге дейін сол перде көне келісім оқылғанда, жабулы тұрады+. Өйткені ол тек Мәсіх арқылы ғана алынып тасталады+. 15 Иә, бүгін де Мұсаның жазбалары оқылғанда+, олардың жүректері пердемен жабулы+. 16 Ал адам Ехобаға* бет бұрса, бұл перде алынып тасталады+. 17 Ехоба — Рух+. Ехобаның рухы бар жерде азаттық бар+. 18 Бәріміз де бетімізді жаппай Ехобаның ұлылығын айна іспетті шағылыстырамыз. Осылай еткенде оның ұлылығы барған сайын бойымыздан көбірек көрініс тауып, Рух болып табылатын Ехобаның* өзгерткеніне қарай өзгеріп, оның өзі іспетті боламыз+.