Зәбүр
Дәуіттің жыры.
Ехоба — өмірімді сақтайтын қорғаным+,
Кімнен үрейленемін?!
Маған қарсы соғыс ашса да,
Сенімділігім жоғалмайды.
4 Мен Ехобадан бір нәрсені сұрадым,
Соған ғана қол жеткізуді қалаймын:
Бар ғұмырымды Ехобаның үйінде өткізсем+,
Ехобаның көркіне көз тіксем,
Оның ғибадатханасына тамсана көз жіберсем+.
Ол мені биік жартасқа тұрғызады+.
6 Сонда айналамдағы жауларымнан мерейім үстем болады;
Шаттық үнімен оның шатырында құрбандықтар ұсынамын,
Ехобаға мадақ әнін айтамын.
8 “Мені іздеңдер!” деген сөзің жүрегімде сайрап тұр.
Мен өзіңді іздеймін, уа, Ехоба+.
9 Жүзіңді менен жасырмашы+,
Қаһарланып, қызметшіңнен бас тартпашы.
Көмекшім өзіңсің+,
Уа, құтқарушы Құдайым, мені қалдырмашы, тастамашы.
11 Өз жолыңа салшы мені, уа, Ехоба+.
Жауларымнан қорғап, әділдік жолымен жетелеші.