Дәуіттің жыры.
26 Мінсіздігімнен таймай келемін, уа, Ехоба,
Төрелік етіп, мені ақташы+.
Мен Ехобаға еш шүбәсіз сенім артамын+.
2 Тексерші мені, уа, Ехоба, сынашы,
Көңіл түбіндегі ойларым мен жүрегімді тазартшы+.
3 Себебі айнымас сүйіспеншілігің әрдайым көз алдымда,
Мен сенің шындық жолыңда жүрмін+.
4 Өтірікшілермен араласпаймын+,
Екіжүзділерден де өзімді аулақ ұстаймын.
5 Залымдар шоғырласатын жерді жек көремін+,
Зұлымдармен де бірге отырмаймын+.
6 Мен қолымды жуып, айыпсыз екенімді көрсетемін,
Уа, Ехоба, құрбандық ошағыңды айналып жүремін.
7 Ризашылығымды дауыстап білдіремін+,
Күллі керемет істеріңді жария етемін.
8 Ехоба, сен тұратын үйді мен жақсы көремін+,
Салтанатың мекендейтін жерді сүйемін+.
9 Күнәкарлармен бірге мені құртып жібермеші+,
Қанішерлермен бірге өмірімді үзбеші.
10 Олар ұятсыз қылықтармен қолдарын былғайды,
Оң қолдарын параға толтырады.
11 Ал мен мінсіздік жолымен жүремін.
Құнымды өтеп алшы, маған ықыласыңды түсірші.
12 Тегіс жерде тұр менің аяғым+,
Үлкен жиындарда Ехобаға мадақ айтамын+!