Әйүп
12 Сонда Әйүп былай деп жауап берді:
2 “Шынымен-ақ данышпан екенсіңдер,
Сендер өлсеңдер, даналық та бірге өледі!
3 Бірақ ақыл-парасат менде де бар,
Сендерден еш кем емеспін.
Мына айтқандарыңды кім білмейді дейсіңдер?
Жұрт әділ де кінәратсыз адамды күлкі етеді.
5 Бейқам жандар бақытсыздыққа ұшырағандарға немкетті қарайды,
Бұған аяғын нық баспайтындар ғана ұшырайды деп ойлайды.
6 Қарақшылар шатырларында тыныш ғұмыр кешеді+,
Құдайды қаһарландыратындар,
Қолдарына тәңірлерін ұстап жүретіндер қауіпсіз өмір сүреді+.
7 Алайда жануарлардан сұрап көрші, олар сені үйретеді,
Әуедегі құстардан сұрашы, олар саған айтып береді.
8 Жерге назар салшы*, ол саған тәлім береді,
Теңіздегі балық та мұны саған жария етеді.
9 Ехобаның қолымен жаратылғандарын
Бұлардың қайсысы білмейді?
10 Әрбір адамның өмірі де,
Өмір күші де соның қолында+.
14 Ол құлатса, ешкім қайта тұрғыза алмайды+,
Жапса, ешкім қайта аша алмайды.
16 Күш пен даналық Құдайда+,
Адасқан да, адастырған да соның қолында.
17 Ол кеңесшілерді жалаңаяқ қалдырады,
Төрешілерді де ақымақ қылады+.
18 Патшалар салған құрсауды босатады+,
Ал олардың белін белбеумен буады.
20 Жұрт сенім артқан кеңесшілерді тілден айырады,
Ақсақалдарды ақыл-парасаттан жұрдай қылады.
21 Атақтыларды жеккөрінішті етеді+,
Мықтыларды әлсіретеді.
22 Түнектегі құпияны ашады+,
Қара түнектегіні жарыққа алып шығады.
23 Халықтарды жою үшін, ұлылыққа бөлейді,
Құлдыққа айдау үшін, санын көбейтеді.
24 Көсемдерін ақыл-санадан айырады,
Жолсыз құла түзді кездіріп қояды+.