Аян
19 Бұдан кейін мен көктен қалың жамағаттың дабырындай қатты дауыстарды естідім. Олар былай деді: “Ехобаны мадақтаңдар*+! Құтқару, даңқ пен құдірет Құдайымызға тиесілі. 2 Себебі оның үкімдері дұрыс та әділ+. Ол азғындығымен* жерді бүлдірген ұлы жезөкшеге шығарған үкімін жүзеге асырып, құлдарының төгілген қаны үшін одан өш алды+”. 3 Артынша олар екінші рет: “Ехобаны мадақтаңдар*+! Өртенген Бабылдың түтіні мәңгі көтеріле бермек+!”— деді.
4 Жиырма төрт ақсақал+ мен төрт тіршілік иесі+ де тақта отырған Құдайға тізерлеп тағзым етіп: “Аумин! Ехобаны мадақтаңдар!”*+— деді.
5 Сондай-ақ тақтан былай деген дауыс шықты: “Құдайымыздың күллі құлдары, одан қорқатын ұлықтар мен кішіктер+, оны мадақтаңдар!”+
6 Сосын мен қалың жамағаттың дабырындай, көп судың сарқырағанына және қатты күн күркіріне ұқсайтын дауыстың былай дегенін естідім: “Ехобаны мадақтаңдар*+! Құдіреті шексіз Құдайымыз Ехоба+ патшалық етуді бастады+! 7 Қуанып, шаттанайық, оның даңқын асырайық, өйткені Тоқтының үйлену салтанаты болатын уақыт жетті, қалыңдығы да әзірленіп, дайын отыр. 8 Оған жалтыраған, таза әрі сапалы зығырдан киім кию мәртебесі берілді. Сапалы зығыр киім қасиеттілердің әділ істерін білдіреді+”.
9 Періште маған: “Мынаны жазып қой: Тоқтының үйлену тойының қонақасына шақырылғандар бақытты+”,— деді. Сөйтіп, артынан: “Құдайдың бұл сөздері сенуге тұрарлық”,— деп айтты. 10 Сонда мен оның аяғына жығылып табынбақ болдым. Бірақ ол маған: “Олай етпе+! Мен небәрі өзің және Иса туралы куәлік ісін атқарып жүрген+ бауырластарың сияқты құлмын. Құдайға ғибадат ет+! Себебі Иса туралы куәлік ету — пайғамбарлықтардың мәні+”,— деді.
11 Бұдан кейін көктің ашылғанын және ақ атты көрдім+. Оның үстінде отырған “Адал+ да Шынайы”+ деп аталады. Ол әділ соттап, әділ соғыс жүргізуде+. 12 Оның көзі оттай жалындап тұр екен+, ал басына көп тәж киіпті. Сондай-ақ өзінен басқа ешкім білмейтін есімі бар екен, 13 ал үстіндегі киіміне қан жағылыпты*. Оның есімі — “Құдай Сөзі”+. 14 Оның соңынан аппақ, таза әрі сапалы зығырдан киім киіп, ақ аттарға мінген көктегі әскерлер еріп келе жатты. 15 Халықтарды шауып тастау үшін оның аузынан өткір ұзын семсер шығып тұрды+, ол оларға темір асатаяқпен билік етеді+. Сондай-ақ Құдіреті шексіз Құдайдың қаһарлы ашуын білдіретін шырын сығатын орында жүзім таптайды+. 16 Киімінің жамбас тұсына “патшалардың Патшасы, иелердің Иесі”+ деген есім жазылыпты.
17 Мен күннің ішінде тұрған періштені де көрдім. Ол қатты айғайлады да, әуеде ұшып жүрген барлық құстарға: “Келіңдер, Құдайдың ұлы қонақасына жиналыңдар+! 18 Патшалардың, жүзбасылар мен күштілердің+, аттар мен олардың үстіндегілердің+, сондай-ақ барлық еріктілер мен құлдардың, кішіктер мен ұлықтардың тәнін жеңдер!”— деді.
19 Мұнан кейін жыртқыш аңның, жержүзінің патшалары мен олардың әскерлерінің ат үстінде отырғанға және оның әскеріне қарсы соғысу үшін жиналғанын көрдім+. 20 Сонда жыртқыш аң да, оның алдында кереметтер жасап, жыртқыш аңның белгісін қабылдаған+ әрі оның мүсініне табынғандарды+ адастырып жүрген жалған пайғамбар+ да ұсталып, екеуі күкірт жанып жатқан отты көлге тірідей лақтырылды+. 21 Ал қалғандары ат үстінде отырғанның аузынан шығып тұрған ұзын семсермен өлтірілді+. Сонда барлық құстар олардың тәнін жеп тойынды+.