Тімөтеге 2-хат
3 Соңғы күндері+ ерекше қиын уақыт болатынын біліп қой: 2 адамдар тек қара басын ойлайтын, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, балағатшыл, ата-анасына мойынсұнбайтын, алғысты білмейтін, опасыз, 3 бауырмалдықтан жұрдай, ымыраға келмейтін, жалақор, ұстамсыз, қатыгез, жақсылықты жек көретін, 4 сатқын, қиқар, өркөкірек, Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көретін болады, 5 құдайшыл болып көрінгенмен, бұны істерімен көрсетпейді+. Мұндайлардан аулақ жүр. 6 Өйткені солардың арасынан үйлерге қулықпен кіріп, әлсіз әйелдерді еліктіріп, торларына түсіретін адамдар шығады. Ол әйелдер күнә мен түрлі құмарлықтарға әбден берілген. 7 Олар үнемі тәлім алғанмен, ешқашан шындықты толық түсіне алмайды.
8 Янни мен Ямбридің Мұса пайғамбарға қарсы шыққаны сияқты, әлгі адамдар да шындыққа қайтпай қарсы шығады. Олардың саналары әбден бүлінген, әрі сенім жолымен жүрмей, Құдайдың ықыласынан айырылған. 9 Алайда олар алысқа бара алмайды, өйткені олардың ақымақтығы әлгі екеуінікі сияқты бәріне айдан анық болады+. 10 Ал сен менің үйреткендеріме ден қойдың, өмір салтымды+, мақсатым, сенімім, шыдамдылығым, сүйіспеншілігім мен табандылығымды үлгі тұттың. 11 Антиохия+, Иқония+ мен Листрада+ қалай қудаланғанымды және қандай азап көргенімді де білесің. Талай қудалауды бастан өткіздім, ал Иеміз мені солардың бәрінен құтқарды+. 12 Иә, Мәсіх Исаның шәкірті ретінде Құдайға шын беріліп өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалады+. 13 Ал зұлымдар мен алаяқтар бұрынғыдан бетер жамандық жасап, өзгелерді де алдап, өздері де алдана бермек+.
14 Бірақ сен үйренген әрі көзің жеткен нәрселерді бұдан былай да ұстана бер+, өйткені кімдерден тәлім алғаныңды білесің. 15 Сонымен қатар адамды дана ететін Киелі жазбалармен нәресте кезіңнен-ақ+ таныссың+. Осы даналық Мәсіх Исаға деген сенім арқылы құтқарылуға жеткізеді+. 16 Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған+, әрі тәлім беруге+, әшкерелеуге, түзетуге, әділ талаптарға сай тәрбиелеуге тиімді+. 17 Осылай Құдай адамы барынша жарамды, яғни кез келген игі іске толықтай даяр болады.