Зәбүр
Дәуіттің жыры.
101 Айнымас сүйіспеншілік пен әділдікті әнге қосамын,
Уа, Ехоба, саған мадақ әнін айтамын.
2 Мен ақылмен, кінәратсыздықпен әрекет етемін.
Қашан маған көмекке келесің?
Үйімде де жүрегімді мінсіз сақтап жүремін+.
3 Көз алдыма пайдасыз нәрсе қоймаймын.
Дұрыс жолдан тайғандардың істерін жек көремін+,
Мен олардан аулақ жүремін.
4 Жүрегі залым адам қасыма жуымайды,
Мен жамандық атаулыға жоламаймын.
5 Өзгені жасырын қаралайтын адамның+ аузын жабамын.
Көзі паң, жүрегі тәкаппар адамға да төзіп тұрмаймын.
6 Өзіммен бірге тұрсын деп,
Елдегі адал жандарға назар саламын.
Кінәратсыз жүретіндер маған қызмет ететін болады.
7 Менің үйімде зымиян адам тұрақтамайды,
Өтірікшілер де көз алдымда тұрмайды.
8 Таң атқан сайын елдегі зұлым атаулыны жоямын,
Ехобаның қаласынан күнәкар атаулының көзін құртамын+.