Мұсаның 1-жазбасы
35 Бұдан кейін Құдай Жақыпқа: “Жинал да, Бетелге+ барып, сол жерді мекенде. Ағаң Есаудан қашып бара жатқанда+ өзіңе көрінген Құдайға арнап, сонда құрбандық орнын тұрғыз”,— деді.
2 Жақып үй ішіне және өзімен еріп жүрген адамдардың бәріне: “Қолдарыңдағы жалған құдай мүсіндерінен арылып+, өздеріңді тазартып, киімдеріңді ауыстырыңдар. 3 Бұл жерден кетіп, Бетелге барайық. Сол жерде Құдайға арнап құрбандық орнын тұрғызамын. Ол қиналған кезімде өтінішімді тыңдап, қайда жүрсем де, маған жар болып келеді+”,— деді. 4 Сонда олар Жақыпқа жалған құдай мүсіндері мен құлақтарындағы сырғаларын әкеп берді. Бұлардың бәрін ол Сихемнің жанындағы үлкен ағаштың түбіне көміп тастады.
5 Содан олар жолға шықты. Құдай төңіректегі қала тұрғындарының бойында үрей тудырғандықтан, Жақып ұлдарының соңынан ешкім қуған жоқ. 6 Ақыр соңында, Жақып пен оған ергендер Қанахан жеріндегі Лұзға+, яғни Бетелге, келіп жетті. 7 Жақып осы жерде құрбандық орнын тұрғызып, оны Ел-Бетел* деп атады. Өйткені ағасы Есаудан қашып бара жатқанда, Құдай оған осы жерде көрінген еді+. 8 Кейінірек Рабиғаның сүтанасы Дебора+ қайтыс болды. Марқұмның сүйегі Бетелден төменірек жердегі бір еменнің түбіне қойылды. Сондықтан Жақып оны Алон-Бакут* деп атады.
9 Падан-Арамнан қайтып келе жатқан Жақыпқа Құдай тағы да көрініп, батасын берді. 10 Құдай оған: “Сенің есімің — Жақып+. Алайда енді Жақып емес, Исраил деп аталасың”,— деді. Сөйтіп, ол Жақыпты Исраил деп атай бастады+. 11 Құдай сөзін жалғап: “Мен Құдіреті шексіз Құдаймын+. Өсіп-өніп, көбейе бер! Сенен ұлттар, көптеген халықтар тарап+, патшалар шығатын болады+. 12 Ыбырайым мен Ысқаққа берген осы жерді саған және сенен кейінгі ұрпағыңа беремін+”,— деді. 13 Жақыппен сөйлесіп болған соң, ол көкке көтеріліп кетті.
14 Жақып Құдаймен сөйлескен жерге ескерткіш тас орнатып, оның үстіне сұйық тарту мен май құйды+. 15 Осылайша ол өзімен Құдай сөйлескен жерді қайтадан Бетел+ деп атады.
16 Сосын олар Бетелден жолға шықты. Жолда Рахила толғата бастады. Ал Ефратаға әлі біраз жер бар еді. Рахиланың толғағы өте ауыр болып, 17 қатты қиналып жатқанда, босандырушы әйел оған: “Қорықпа, тағы да ұл туасың+”,— деді. 18 Хал үстінде жатқан Рахила жан* тапсырарда, ұлын Бенони* деп атады. Бірақ әкесі оның атын Бениямин*+ деп қойды. 19 Рахила көз жұмып, мәйіті Ефратаға, яғни Бетлехемге+, бара жатқан жолда қойылды. 20 Жақып оның қабірінің басына құлпытас орнатты. Бұл тас осы күнге дейін тұр.
21 Бұдан соң Исраил әрі қарай көшіп, Едер мұнарасының арғы жағына шатырын тікті. 22 Исраил сол жерде тұрып жатқанда, бір күні Рубен әкесінің кәнизагы Балхамен жақындасты. Бұл туралы Исраил естіді+.
Жақыптың он екі ұлы болды. 23 Лиядан туылған ұлдары: тұңғышы Рубен+, одан кейін Шимон, Леуі, Яһуда, Исахар және Забулон. 24 Ал Рахиладан туылған ұлдары: Жүсіп пен Бениямин. 25 Рахиланың күңі Балхадан туылған ұлдары: Дан және Нафталим. 26 Лияның күңі Зилпадан туылған ұлдары: Ғад пен Ашир. Бұлар Жақыптың Падан-Арамда туылған ұлдары.
27 Ақырында, Жақып әкесі Ысқақ тұрып жатқан Кирият-Арбадағы, яғни Хеброндағы, Мамреге келді+. Бұл жерде Ыбырайым мен Ысқақ жатжерлік ретінде мекендеген еді+. 28 Ысқақ 180 жыл жасады+. 29 Сөйтіп, ол соңғы демін шығарып, қайтыс болды. Мағыналы да ұзақ ғұмыр кешкен Ысқақ ата-бабаларына қосылды. Оны ұлдары Есау мен Жақып қабірге қойды+.