Әйүп
2 Көктегі Құдайдан алар үлесім,
Заңғар биіктегі Құдірет Иесінен* алар мұрам қандай болмақ?
3 Қылмыскерді бақытсыздық,
Жамандық жасаушыларды апат күтіп тұрады емес пе+?
4 Құдай менің жолдарымды бақылап+,
Басқан қадамымды санап отырған жоқ па?
5 Мен жалғандық жолымен жүріп пе едім?*
Аяғым алдап-арбауға асыққан ба еді+?
7 Аяғым тура жолдан тайса+,
Жүрегім көзім көргенге азғырылса+,
Не қолым арамдалған болса,
8 Онда мен егейін, ал өнімін басқа біреу жесін+,
Үрім-бұтағым түптамырымен құрып кетсін.
9 Жүрегім өзге әйелге елігіп+,
Басқа біреудің есігін аңдысам+,
10 Онда менің әйелім диірменін бөтен еркек үшін тартсын,
Бөтен еркектің қойнында жатсын+.
13 Құл-күңдерім шағымданғанда,
Оларды әділ соттан айырған болсам,
14 Құдай маған қарсы тұрғанда, не істер ем?
Есеп беруімді сұрағанда, қалай жауап берер ем+?
15 Мені ана құрсағында жаратқан Құдай оларды да жаратты ғой+!
Бәрімізді де ана құрсағында қалыптастырған сол бір Құдай емес пе+?!
16 Жарлының қолын қағып, қалағанын бермесем+,
Жесірдің көзіне мұң ұялатсам+,
17 Нанымды жетімдермен бөліспей+,
Жалғыз жеген болсам,
18 (Себебі жастайымнан жетімдер мені әкесіндей көріп, өзіммен бірге өсті,
Мен қаршадайымнан жесірлерге қамқор болдым.)
19 Біреудің киімсіз үсіп өлгелі жатқанын
Немесе кедейдің жамылғысы жоқ екенін көре тұра көмектеспесем+,
20 Ол қойларымның жүнінен киім киіп жылынып,
Маған батасын бермеген болса+,
Жетім балаға жұдырығымды түйсем+,
22 Онда қолым иығымнан жұлынып түссін,
Шынтағымнан төмен сынып қалсын.
23 Себебі мен Құдайдың жазасынан қорқушы едім,
Әрі оның ұлылығының алдында төзіп тұра алмас едім.
24 Егер мен алтынға арқа сүйесем,
Саф алтынға “Қорғанышым сенсің” десем+,
25 Дүние-мүлкім көп болғандықтан,
Қуанышымды мол байлығыма тәуелді етсем+,
26 Күннің жарқырағанын,
Сәулелі Айдың жылжып бара жатқанын көргенде+,
27 Жүрегім елігіп,
Қолымды сүйіп, соларға табынсам+,
28 Онда бұл билер жазалауға лайық қылмыс болар еді,
Өйткені мен осы қылығыммен көктегі шынайы Құдайдан бас тартқан болар ем.
29 Мен жауымның басына бақытсыздық түскеніне қуандым ба+?
Жауым пәлеге ұшырағанда, табалаған кезім болды ма?
31 Шатырымдағылардың қайсысы:
—Оның дастарқанынан тойынбаған адам жоқ!— демеді+?
32 Ешбір жатжерлік далада түнеуге мәжбүр болған жоқ+,
Жолаушыларға да есігім ашық болатын.
34 Көпшілік не дер екен деп қаймығып,
Немесе ел-жұртқа жексұрын болудан қорқып,
Үнімді шығармай, сыртқа шығудан шошынып отырдым ба?
35 Сөздеріме құлақ салатын біреу болса ғой, шіркін+!
Айтқандарыма қолымды қойып, растап берер ем.
Маған Құдірет Иесі жауап берсе екен+!
Айыптаушым тағар кінәсін құжатқа жазып берсе екен!
36 Оны иығыма салып алып жүрер ем,
Тәж қылып басыма орап алар ем.
37 Мен оған әрбір қадамым үшін есеп берер ем,
Бекзададай емін-еркін қасына барар ем.
38 Егер өз жерім айқай салып мені кінәласа,
Соқалары онымен қосыла жыласа,
39 Жердің өнімін ақысыз жесем+,
Немесе жер иелерін күрсіндірсем+,
40 Онда бидай орнына тікен шықсын,
Арпа орнына сасық арамшөп өссін!”
Осымен Әйүп сөзін тамамдады.