Матай
10 Сосын Иса 12 шәкіртін шақырып алып, оларға жындарды қуып шығаратын және түрлі ауру-сырқауларды сауықтыратын билік берді+.
2 Сол 12 елшінің есімдері мынадай+: Петір* деп аталған Шимон+, оның бауыры Әндір+, Зебедей ұлдары Жақып+ пен Жохан, 3 Філіп пен Барталамай*+, Тома+ және салықшы Матай*+, Әлпей ұлы Жақып және Тадей*, 4 Кананей* Шимон және кейінірек Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот+.
5 Иса осы 12 елшісін уағыздауға жіберіп жатып, мынадай нұсқау берді+: “Басқа ұлттардың жеріне бармаңдар, самариялықтардың ешбір қаласына кірмеңдер+, 6 тек Исраил үйінің жоғалған қойларына барыңдар+. 7 Жол-жөнекей “Көк Патшалығы* таяп қалды!” деп уағыздаңдар+. 8 Ауруларды сауықтырып+, өлгендерді қайта тірілтіп, алапестерді тазартыңдар және жындарды қуып шығарыңдар. Тегін алдыңдар,— тегін беріңдер. 9 Бел қалталарыңа алтын, күміс не мыс ақша салмаңдар+, 10 жолға тамақ салатын дорба да, қосымша* киім де, сандал да, таяқ та алмаңдар+, өйткені еңбек еткен адам ішіп-жеуге лайық+.
11 Қай қалаға, қай ауылға кірсеңдер де, өздеріңді және әкелген хабарларыңды қабылдауға лайық адамды іздеп тауып, қайта жолға шыққанша, сонда қалыңдар+. 12 Үйге кіргенде, ондағылармен амандасып, татулық тілеңдер. 13 Егер сол үй лайық болса, оған тілегендерің орындалсын+, ал лайық болмаса, өздеріңе қайтсын. 14 Кім сендерді қабылдамаса не айтқандарыңды тыңдамаса, сол үйден немесе қаладан шығарда аяқтарыңдағы шаңды қағып тастаңдар*+. 15 Сендерге шындығын айтамын, Сот күні сол қаланың жазасынан гөрі Содом мен Ғомора елінің жазасы+ жеңілірек болады.
16 Мен сендерді қасқырлар арасына жіберілген қойлардай жіберіп отырмын. Сондықтан жыландай сақ, көгершіндей ақпейіл болыңдар+. 17 Адамдардан абай болып жүріңдер, себебі олар сендерді жергілікті соттарға ұстап береді+ және мәжілісханаларында+ дүре соғады+. 18 Менің шәкіртім болғандарың үшін сендерді билеушілер мен патшалардың алдына сүйреп апарады+. Сонда оларға да, басқа ұлттарға да куәлік ете аласыңдар+. 19 Ал сендерді ұстап бергенде, қалай және не айтатындарыңды ойлап, уайымдамаңдар. Өйткені не айтуларың керектігі сол сәтте беріледі+. 20 Осылай өздерің ғана емес, сендер арқылы Әкелеріңнің киелі рухы сөйлейді+. 21 Бауыры өз бауырын, әкесі баласын өлімге душар етеді, ал балалары ата-анасына қарсы шығып, оларды өлімге душар етеді+. 22 Менің атыма бола жұрттың бәрі сендерді жек көретін болады+. Бірақ соңына дейін табандылық танытқан адам құтқарылады+. 23 Бір қалада қудаласа, басқасына қашыңдар+. Сендерге шындығын айтамын, Адам Ұлы келгенше, Исраилдің барлық қалаларын аралап үлгермейсіңдер.
24 Шәкірті ұстазынан, құлы қожайынынан жоғары емес+. 25 Шәкірті өз ұстазына, ал құл өз қожайынына ұқсаса, соны қанағат тұтады+. Жұрт үй иесін Белзебүл*+ деп атаса, оның үй ішін де солай атайды емес пе?! 26 Сондықтан олардан қорықпаңдар. Себебі жасырын нәрсенің бәрі ашылады, ал құпия нәрсенің бәрі аян болады+. 27 Сендерге қараңғыда айтқандарымды жарықта айтыңдар, сыбырлап айтқандарымды үй төбесінен жариялаңдар+. 28 Тәнді өлтірсе де, жанды* өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар+. Қайта, жанды да, тәнді де жаһаннамда* құрта алатын Құдайдан қорқыңдар+. 29 Екі торғай бір тиынға* сатылады емес пе? Десе де олардың бірде-біреуінің құлағаны көктегі Әкелеріңнің назарынан тыс қалмайды+. 30 Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да оған белгілі! 31 Сондықтан қорықпаңдар, сендер көп торғайдан әлдеқайда қымбатсыңдар+!
32 Мені адамдар алдында мойындаған әркімді+ мен де көктегі Әкемнің алдында мойындаймын+. 33 Ал адамдар алдында менен танған әркімнен көктегі Әкемнің алдында мен де танамын+. 34 Мені жер бетіне татулық әкелуге келді деп ойламаңдар. Мен татулық емес, семсер әкелуге келдім+. 35 Өйткені мен ұлын әкесінен, қызын шешесінен, ал келінін енесінен ажыратуға келдім+. 36 Иә, адамға өз үй ішіндегілері дұшпан болады. 37 Кімде-кім әкесін не шешесін менен артық көрсе, сол шәкіртім болуға лайық емес; ұлын не қызын менен артық көрген адам да шәкіртім болуға лайық емес+. 38 Сондай-ақ кім азап бағанасын* алып, соңымнан ермесе, сол шәкіртім болуға лайық емес+. 39 Жанын сақтап қалғысы келетін адам одан айырылады, ал кім мен үшін жанынан айырылса, оны сақтап қалады+.
40 Кімде-кім сендерді қабылдаса, мені де қабылдағаны. Ал мені қабылдаған адамның мені жібергенді де қабылдағаны+. 41 Әлдебіреуді пайғамбар болғаны үшін қабылдаған адам пайғамбар алатын сыйға ие болады+, ал әлдебіреуді әділ болғаны үшін қабылдаған адам әділ кісі алатын сыйға ие болады. 42 Кімде-кім осы кішілердің біреуіне менің шәкіртім болғаны үшін, ең болмағанда, бір тостаған салқын су берсе, сендерге шындығын айтамын, ол міндетті түрде өз сыйын алады+”.