Аян
5 Сосын Тақта отырғанның+ оң қолынан екі жағында да жазуы бар, жеті мөрмен бекітілген шиыршық көрдім. 2 Мен бір құдіретті періштені де көрдім, ол қатты дауыспен: “Кім мөрлерді сындырып, шиыршықты ашуға лайық?”— деп жар салды. 3 Бірақ көкте де, жерде де, жер астында да шиыршықты ашып, оқитын ешкім болмады. 4 Шиыршықты ашып, оқуға лайық ешкім болмағандықтан, мен қатты жыладым. 5 Алайда ақсақалдардың бірі: “Жылама, яһуда руынан шыққан Арыстан+, Дәуіттің тамыры+, жеңіп шықты+. Жеті мөрді бұзып, шиыршықты ашуға сол лайық”,— деді.
6 Сонан соң мен тақтың қасында, төрт тіршілік иесінің және ақсақалдардың ортасында тұрған+ жеті мүйізі, жеті көзі бар тоқтыны+ көрдім. Ол құрбандыққа шалынғандай еді+. Оның көздері бүкіл жер бетіне жіберілген Құдайдың жеті рухын+ білдіреді. 7 Ол бара сала, Тақта отырғанның+ оң қолынан шиыршықты алды. 8 Ол оны алғанда, төрт тіршілік иесі мен 24 ақсақал+ Тоқтының алдында тізе бүгіп, тағзым етті. Әр ақсақалдың қолында арфа және хош иісті зат салынған алтын тостаған бар еді. (Хош иісті зат қасиеттілердің дұғаларын білдіреді+.) 9 Олар былай деп жаңа ән айтты+: “Сен шиыршықты алып, мөрлерін ашуға лайықсың. Өйткені сен құрбандыққа шалындың, осылай әрбір рудан, тілден, халықтан және ұлттан шыққан адамдарды өз қаныңмен сатып алып+, Құдайдың меншігі+ 10 және Құдайымызға қызмет ету үшін патша+ әрі діни қызметкерлер еттің+. Олар жер бетіне билік жүргізеді+”.
11 Мен қарадым да, тақты, тіршілік иелерін және ақсақалдарды қоршап тұрған көп періштенің даусын естідім. Сол он мыңдаған және мыңдаған* періште+ 12 қатты дауыспен: “Құрбандыққа шалынған Тоқты+ құдіретке, байлық пен даналыққа, күш пен құрметке, даңқ пен мадаққа лайық!”+— деп жатты.
13 Сондай-ақ көк пен жердегі, жер асты+ мен теңіздегінің бәрі: “Тақта отырған+ және Тоқты+ мадақ, құрмет+, даңқ пен құдіретке мәңгі лайық+!”— деп жатқанын естідім. 14 Ал төрт тіршілік иесі: “Аумин!”— деп тұрды. Ақсақалдар болса тізе бүгіп, Құдайға тағзым етті.