Аян
13 Айдаһар теңіз жағасындағы құмда тұрды.
Сонда мен теңізден+ шығып келе жатқан он мүйізді, жеті басты жыртқыш аңды+ көрдім. Оның мүйіздерінде он тәж, ал бастарында Құдайды қорлайтын есімдер бар екен. 2 Мен көрген жыртқыш аң қабыланға ұқсайтын, бірақ аяқтары аюдікіндей, аузы арыстанның аузындай еді. Айдаһар+ оған күш, тақ және зор билік берді+.
3 Маған жыртқыш аңның бір басы өлімші болып жараланғандай көрінді, бірақ сол жарақаты жазылып кетті+. Сонда бүкіл жер беті қайран қалып, оның соңынан ерді. 4 Жыртқыш аңға билік бергені үшін олар айдаһарға табынды, сондай-ақ: “Жыртқыш аңға тең келер кім бар? Онымен кім шайқаса алады?”— деп, жыртқыш аңға да табынды. 5 Оған тәкаппарлана сөйлейтін және Құдайды қорлайтын ауыз, сондай-ақ 42 ай әрекет етуге билік берілді+. 6 Ол Құдайды, оның есімі мен тұрағын және көкте мекендейтіндерді+ қорлау үшін аузын ашты+. 7 Оған қасиеттілермен соғысып, жеңіп шығуға жол берілді+. Сондай-ақ ол әрбір ру, халық, тіл және ұлттың үстінен билік алды. 8 Жер бетінің тұрғындары түгелдей оған ғибадат ететін болады. Дүниенің негізі қаланғаннан* бері олардың ешқайсысының есімі құрбандыққа шалынған Тоқтының+ өмір шиыршығына жазылмаған+.
9 Құлағы барлар тыңдап алсын+. 10 Кім тұтқындалу керек болса, тұтқындалады. Кім семсермен өлтірсе*, сол семсерден өледі+. Мұнда қасиеттілерге+ табандылық+ пен сенім+ қажет.
11 Сосын мен жерден шығып келе жатқан басқа бір жыртқыш аңды көрдім. Оның тоқтынікі сияқты қос мүйізі бар екен, бірақ ол айдаһарша сөйлей бастады+. 12 Ол алғашқы жыртқыш аңның+ алдында тұрып, оның бүкіл билігін жүргізді және жер мен оның тұрғындарын өлімші жарақатынан жазылған+ алғашқы аңға ғибадат еткізді. 13 Ол зор кереметтер жасап, тіпті адамдардың көз алдында аспаннан жерге от түсірді.
14 Жыртқыш аңның көз алдында жасауға жол берілген кереметтер арқылы ол жер бетінің тұрғындарын адастырды және оларға өлімші жарақат алса да, аман қалған+ аңның мүсінін+ жасауды айтты. 15 Жыртқыш аңның мүсіні сөйлей алу үшін және өзіне ғибадат етуден бас тартқандардың бәрінің өлуіне түрткі бола алу үшін, оған осы мүсінге өмір лебін* беру рұқсат етілді.
16 Ол барлық адамдарды — ұлықтар мен кішіктерді, байлар мен кедейлерді, еріктілер мен құлдарды — оң қолына не маңдайларына таңба салдыруға+ мәжбүрледі. 17 Мұны аңның есімі не есімінің саны+ таңба ретінде салынғандардан+ басқа ешкім ештеңе сатып ала да, сата да алмауы үшін істеді. 18 Мұнда даналық қажет: түсінігі бар адам жыртқыш аңның санын есептеп шығарсын. Себебі бұл — адами сан. Оның саны 666+.