Мұсаның 1-жазбасы
4 Адам әйелі Хауамен жақындасқаннан кейін, ол жүкті болды+. Қабылды*+ туғанда, Хауа: “Ехобаның жарылқауымен дүниеге ұл бала әкелдім”,— деді. 2 Бұдан кейін оның інісі Әбілді+ туды.
Әбіл мал бағушы, ал Қабыл жер өңдейтін диқан болды. 3 Біраз уақыт өткен соң, Қабыл жердің өнімінен Ехобаға тарту ұсынды. 4 Әбіл болса отарының алғашқы төлдерінен бірнешеуін құрбандыққа шалып+, майлы жерлерімен қоса ұсынды. Ехоба Әбілге ықыласын түсіріп, құрбандығын қабыл алды+. 5 Ал Қабылға теріс қарап, оның тартуын қабыл алмады. Бұған ол қатты ашуланып, түрі бұзылып кетті. 6 Сонда Ехоба Қабылға: “Неге сонша ашуланып, түрің бұзылды? 7 Егер жақсылыққа бет бұрсаң, менің ықыласыма ие боласың ғой. Ал жақсылыққа бет бұрмасаң, онда біліп қой, босағаңды күнә жағалап жүр, ол сені иемденуді көксейді. Бірақ одан үстем болар ма екенсің?!”— деді.
8 Бұдан кейін Қабыл інісі Әбілге: “Жүр, далаға барайық”,— деді. Екеуі далада болғанда, ол інісін бас салып ұрып өлтірді+. 9 Кейінірек Ехоба Қабылға: “Інің Әбіл қайда?”— деп сұрағанда, ол: “Білмеймін. Мен оның күзетшісі ме едім?”— деді. 10 Сонда Құдай былай деді: “Сен не істедің? Қарашы, ініңнің төгілген қаны маған жерден үн қатып тұр+! 11 Енді сені қарғыс атып, өз қолыңмен өлтірген ініңнің қаны сіңген жерден қуыласың+. 12 Жерді өңдегенде, ол саған өнім бермейді. Сен жер бетінде тұрағы жоқ кезбеге және қашқынға айналасың”. 13 Қабыл Ехобаға былай деді: “Қылмысым үшін тартатын жазам көтере алмастай ауыр. 14 Бүгін мені осы жерден қуып тұрсың, енді сенің көз алдыңнан тасаланып жүретін боламын. Жер бетінде тұрағы жоқ кезбеге, қашқынға айналамын. Алдымнан шыққан адам мені тірі қалдырмайды”. 15 Ехоба оған: “Онда Қабылды кім өлтірсе, содан жеті есе кек алынады”,— деді.
Сөйтіп, Қабылға кезіккен адам оны өлтірмес үшін, Ехоба белгі қойды. 16 Қабыл Ехобаның алдынан кетіп, Едемнің+ шығыс жағындағы Нод* деген жерге қоныстанды.
17 Қабыл әйелімен+ жақындасты да, әйелі бала көтеріп, Енохты туды. Сосын ол қала салып, оған өз ұлы Енохтың атын берді. 18 Кейін Енохтан Ирад туылды. Ал Ирадтан Мехуел, Мехуелден Метушаил, Метушаилден Ләмех туылды.
19 Ләмех екі әйел алды. Біріншісінің аты — Ада, екіншісінікі — Зилла. 20 Ада Жабалды туды. Ол шатырда тұрып, мал бағатындардың алғашқысы болды. 21 Оның бауырының есімі Жұбал еді. Ол арфа мен сыбызғыда ойнайтындардың алғашқысы болды. 22 Ал Зилла Тұбалқабылды туды. Ол мыс пен темірден түрлі құрал-саймандар жасайтын ұста болды. Оның қарындасының аты Нағама еді. 23 Ләмех әйелдері Ада мен Зиллаға арнап, мынадай өлең шығарды:
“Ләмехтің әйелдері, тыңдаңдар мені,
Құлақ түріңдер айтқан сөзіме:
Кісіні өлтірдім мені жарақаттаған,
Иә, жас жігітті маған қол көтерген.
25 Адам әйелі Хауамен тағы да жақындасып, ол ұл туды. Оның атын Сет*+ деп қойды, өйткені Хауа: “Қабылдың қолынан өлген Әбілдің+ орнына Құдай маған басқа бір ұрпақ берді*”,— деді. 26 Сет те ұлды болып, оның есімін Енос+ деп қойды. Сол кезде адамдар Ехобаның есімін шақыра бастады*.