Жоел
2 Сионда мүйіз керней тартыңдар+!
Қасиетті тауымда атой салып айғайлаңдар.
2 Сол күн — қараңғылық басып, түнерген күн+,
Бұлт қаптап, қарауытқан күн+,
Ол таудың басын ғана шалған таң шапағындай.
Міне, бір халық келе жатыр, ол сансыз көп әрі күшті+.
Мұндай халық бұрын ешқашан болмаған,
Күллі келер ұрпақтардың заманында да
Бұл сияқты халық енді қайтып болмайды.
Алдындағы ел Едем бағындай+ болса,
Артынан қаңыраған шөл дала қалады,
Еш нәрсе де одан қашып құтыла алмайды.
4 Олардың кейпі аттардың кейпіндей,
Шабысы соғыс аттарының шабысындай+.
Олар соғысу үшін сап құрған күшті әскерге ұқсайды+.
6 Оларды көрген халықтар азапқа түседі.
Абыржығаннан бәрінің жүзі қып-қызыл болады.
7 Олар мықты жауынгерлердей шабуылдайды,
Сарбаздардай қабырғаға өрмелейді,
Әрқайсысы алған бағытынан таймайды,
Өз жолынан ауытқымайды.
8 Олар бір-бірімен қақтығыспайды,
Әрбірі өз жолымен алға басады.
Кейбірі жау қаруынан құласа да,
Өзгелері сапты бұзбай, кете береді.
9 Қалаға лап қойып, қабырғаға жүгіріп шығады.
Үйлерге өрмелеп, ұры іспетті терезеден кіреді.
10 Олардың алдында жер дірілдеп, аспан шайқалады.
Күн мен айды қараңғылық басады+,
Жұлдыздар да жарқырамайды.
11 Ехоба өз әскерінің+ алдында дауыстайды, оның қосы сансыз көп+.
Сөзін орындайтын ол аса құдіретті.
Ехобаның күні ұлы да ғаламат+.
Кім оған шыдай алады+?
Өйткені ол жанашыр да мейірімді, ашуға баяу+, айнымас сүйіспеншілігі мол+.
Апат жіберемін деген райынан қайтады.
14 Кім біледі, бәлкім, ол райынан қайтып, аяушылық танытар+,
Сөйтіп, сендерді жарылқар,
Сонда Құдайларың Ехобаға астық пен сұйық тарту ұсына аларсыңдар.
15 Сионда мүйіз керней тартыңдар!
Ораза жариялап, қасиетті жиын өткізіңдер+.
16 Халықты жинап, қауымды қасиетті етіңдер+.
Қарияларды*, балалар мен емшектегі нәрестелерді жинаңдар+.
Күйеужігіт ішкі бөлмесінен, қалыңдық та өз бөлмесінен шықсын.
17 Кіреберіс пен құрбандық ошағының арасында тұрып+,
Діни қызметкерлер, Ехобаның қызметшілері, жылап былай десін:
“Уа, Ехоба, өз халқыңды аяй көр,
Басқа халықтардың өз меншігіңе билік етіп,
Оны табалауына жол бере көрме.
Әйтпесе халықтар: —Бұлардың Құдайы қайда?— деп жүрер+”.
19 Ехоба халқына жауап беріп, былай дейді:
“Мен сендерге астық, жаңа шарап пен зәйтүн майын беремін.
Сонда сендер барынша тойынасыңдар+.
Енді қайтып сендерді халықтарға қорлатып қоймаймын+.
20 Солтүстіктен келгенді қастарыңнан алысқа қуамын,
Оны кеуіп қалған, қаңырап, қуаң тартқан жерге,
Алғы шептегілерін шығыстағы теңіз* жаққа,
Артындағыларын батыстағы теңіз* жаққа бытыратамын.
Одан сасық иіс шығады,
Жағымсыз иіс мүңкіп тұрады+.
Себебі Құдай ғаламат істер жасайды”.
21 Уа, жер, қорықпа!
Қуанып, шаттан, өйткені Ехоба ғаламат істер жасайды.
22 Дала аңдары, қорықпаңдар!
23 Сионның ұлдары, Ехоба Құдайларыңа қуанып, шаттаныңдар+!
Ол сендерге керегінше күзгі жауын жібереді.
Бұрынғы кездегідей нөсер беріп,
Күзгі және көктемгі жауынды жауғызады+.
24 Қырмандар таза астыққа толып,
Астауларыңда сығылған жаңа шарап пен зәйтүн майы ағыл-тегіл мол болады+.
25 Мен сендерге жіберген ұлы әскер:
Құжынаған шегіртке мен қанатсыз шегіртке, Обыр шегіртке мен жалмайтын шегіртке жеп кеткен өнімнің+,
Сол жылдары келтірілген залалдың, орнын толтырамын.
26 Сендер міндетті түрде тойына жейсіңдер+.
Ехоба Құдайларыңның есімін мадақтайсыңдар+,
Ол сендер үшін керемет істер жасады.
Менің халқым бұдан былай ұятқа қалмайды+.
27 Сендер менің Исраилдің арасында екенімді+,
Құдайларың Ехоба екенімді+, менен өзге құдай жоқ екенін білетін боласыңдар.
Менің халқым бұдан былай ұятқа қалмайды.
28 Сосын мен әрбір адамға рухымды төгемін+,
Сонда ұл-қыздарың пайғамбарлық етеді,
Қарияларың түс көреді,
Жас жігіттерің аян алады+.
29 Сол күндері тіпті
құл-күңдеріме де рухымды төгемін.
30 Аспан мен жерде белгілер* көрсетемін.
Бұлар — қан, от және түтін бағаналары+.
32 Ехобаны атын атап шақырған әркім құтқарылады+.
Ехоба айтқандай, Сион тауы мен Иерусалимде аман қалғандар болады+,
Олар Ехоба шақырғандықтан аман қалады.