Еврейлерге
6 Сондықтан Мәсіх жайында бастапқы ілімдерді ғана біліп қоймай+, алға жылжып, рухани толыса берейік+. Қайтадан негіз қаламайық, яғни өлі істерге өкіну, Құдайға сену, 2 әртүрлі шомылдыру рәсімі, өзгенің үстіне қол қою+, өлгендердің қайта тірілуі+ және мәңгілік сот туралы ілімдерге қайта оралмайық. 3 Құдай жол берсе, рухани толыса береміз.
4 Бір кездері нұрды қабылдаған+, көктен келген сыйдың дәмін татқан, киелі рухтан үлес алған, 5 Құдайдың керемет сөзінің және келешек заманның* құдіретінің дәмін татқан, 6 бірақ тура жолдан тайып кеткендерді+ қайтадан өкіндіру мүмкін емес. Өйткені олар Құдай Ұлын тағы да бағанаға іліп, жұрт алдында масқара етуде+. 7 Жер жаңбырмен жиі суғарылғанда, Құдайдан бата қонып, өзін өңдегендерге жейтін өнім береді. 8 Ал тікен мен түйетікен өсіріп шығарса, еш пайдасы болмай, қарғысқа ұшырайды. Ақырында мұндай жер өртеледі.
9 Бірақ, қымбатты бауырластар, осылай айтқанымызбен, сендердің жақсырақ жағдайда екендіктеріңе, яғни құтқарылуға жеткізетін істер жасап жүргендеріңе сенімдіміз. 10 Өйткені Құдай әділетсіз емес. Ол қасиеттілер үшін атқарған, әлі де атқарып жатқан қызметтерің арқылы өзінің есіміне деген сүйіспеншіліктерің+ мен еңбектеріңді ұмытпайды. 11 Ал біз сендердің соңына дейін+ үміттеріңе+ нық сенімді болуларың үшін, әрқайсысыңның дәл осындай ынта-жігер танытқандарыңды қалаймыз. 12 Сонда жалқау болмай+, қайта, сенімі мен шыдамдылығының арқасында уәделерді мұра еткендерге еліктейтін боласыңдар.
13 Өзінен жоғары ешкім болмағандықтан Құдай Ыбырайымға уәде бергенде, өзімен ант етіп+: 14 “Саған міндетті түрде батамды беремін, міндетті түрде ұрпағыңды көбейтемін”+,— деген. 15 Ыбырайым шыдамдылықпен күткеннен кейін, осы уәдені алды. 16 Адамдар өздерінен жоғары тұрғанмен ант етеді. Бұл олар үшін заңды кепілдік болғандықтан+, олардың анты кез келген дауды тоқтатады. 17 Осы сияқты, Құдай да уәдені мұра ететіндерге+ өз ниетінің өзгермейтінін анығырақ көрсетуді шешкенде, айтқан сөзін антпен бекітті. 18 Ол мұны өзінің панасына бассауғалаған біздер осы өзгермейтін екі нәрсе* арқылы алдымыздағы үмітті берік ұстануға барынша ынталы болуымыз үшін істеді. Ал өзгермейтін осы екі нәрсеге қатысты Құдайдың өтірік айтуы мүмкін емес+. 19 Жанымыздың зәкірі іспетті болған бұл үміт+ сенімді әрі берік, ол бізді шымылдықтың арғы жағына алып кіреді+. 20 Мәліксадық сияқты мәңгілікке бас діни қызметкер болған+ Иса+ бізге жол ашу үшін сол жерге кірді.