Ишая
42 Міне, өзім қолдайтын қызметшім+!
Мен оны таңдап алдым+, әрі оған ризамын*+!
Адал әрекет етіп, әділдікті паш етеді+.
5 Көкті жаратып, матадай жайып жіберген+,
Жерді қалыптастырып, өнім бергізген+,
Адам баласына тіршілік лебін үрлеген+,
Жер басып жүргендерге өмір берген
Шынайы Құдай Ехоба+ былай дейді:
6 “Мен, Ехоба, әділдігіме сай, сені шақырдым,
Қолыңнан мықтап ұстадым.
8 Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім.
Ұлылығымды ешкімге бермеймін,
Даңқымды пұттармен бөліспеймін+!
9 Қараңдар, алғашқы жайттар жүзеге асты.
Енді мен жаңа жайттарды жариялаймын.
Орындалмай тұрып-ақ, сендерге солар жайында айтамын+”.
Оның даңқы жердің шетіне дейін жетеді+.
Жартасты жердің тұрғындары қуана айғайласын,
Тау бастарынан дауыстасын.
Ол айқайлайды, иә, ұран салады,
Жауларынан мықты екенін көрсетеді+.
14 Мен ұзақ уақыт бойы тіс жармадым,
Үндеместен сабыр сақтадым.
Ал енді толғақ қысқан әйелдей ыңыранамын,
Ентіге әзер демаламын.
15 Тау-төбелерді бос қалдырамын,
Өсімдік атаулыны қуратамын.
Өзендерді аралдарға айналдырамын,
Қамысты көлдерді кептіремін+.
Мен олар үшін осылай істеймін, еш тастамаймын.
17 Пұттарға сенім артатындар,
Темір мүсіндерге “Құдайымыз сендерсіңдер!” дейтіндер
Кері шегінеді, әбден масқара болады+.
18 Саңыраулар, тыңдаңдар!
Соқырлар, көз тігіп қараңдар+!
19 Менің қызметшімдей соқыр,
Мен жіберген хабаршыдай саңырау бар ма?
Қарымтасын алған адамдай соқыр бар ма?
Ехобаның қызметшісіндей соқыр бар ма+?
21 Ехоба өз әділдігі үшін заңның асқақталып, дәріптелгенін жөн көрді.
Олар тоналды, бірақ құтқаратын ешкім болмады+,
Талан-таражға салынды, бірақ “Кері қайтарыңдар!” дейтін ешкім табылмады.
23 Араларыңда мұны еститін кім бар?
Ден қойып, болашақ үшін сабақ алар қайсысың бар?
24 Жақыпты талан-таражға салдырған,
Исраилді тонаушылардың қолына берген кім?
Ехобаның өзі емес пе?!
Соғыс жайлап қырылып жатса да, олар бұған ден қоймады+.
Соғыс өрті жалындап жатса да, бұны елең қылмады+.