-
Алла Тағала туралы ақиқатМәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
1. Алла Тағаланың есімі кім және ол өз есімін білгенімізді қалайтыны неден көрінеді?
Құдай Тағала өзін Киелі кітап арқылы таныстырады. Ол: “Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім”,— дейді (Ишая 42:5, 8 оқыңыз). “Ехоба” деген еврей тілінен аударылған. Көп ғалымның айтуынша, бұл есім “ол болғызады” дегенді білдіреді. Ехоба Құдай оның атын білгенімізді қалайды (Мұсаның 2-жазбасы 3:15). Мұны неден білеміз? Киелі кітапта оның есімі 7000-нан аса рет аталған!a Ехоба деген есім бүкіл ғаламның “шынайы Құдайына” ғана тиесілі (Мұсаның 5-жазбасы 4:39).
-
-
Қай кезде ғибадатымыз Құдайға ұнамды болады?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
2. Ехобаға қалай ғибадат етуіміз керек?
Ехоба Жаратушымыз болғандықтан, оған қалтқысыз берілуімізге лайық (Аян 4:11). Қалтқысыз берілу дегеніміз — Құдайды шексіз сүйіп, тек оған ғана құлшылық ету, сондай-ақ ешқандай пұттарды, мүсіндерді (я икондарды) пайдаланбау (Ишая 42:8 оқыңыз).
Біздің мінажатымыз “қасиетті, Құдайға ұнамды” болуы тиіс (Римдіктерге 12:1). Бұл үшін Құдайдың заң-талаптарына сай өмір сүруіміз керек. Мысалы, Ехобаны жақсы көретін адам оның некеге қойған талаптарын да жақсы көріп, орындайды. Сонымен қатар темекіден, есірткіден, маскүнемдік сияқты зиянды әдеттерден аулақ боладыa.
-