Зәбүр
Дәуіттің жыры.
110 Ехоба менің Иеме мынаны жариялады:
“Жауларыңды аяғыңның астына салып бергенімше,
Оң жағымда отыр”+.
2 Ехоба: “Жауларыңның арасында билік ет!”— деп,
Сионнан өзінің құдіретті асатаяғын жібереді+.
3 Әскеріңді шайқасқа бастайтын күні халқың саған еруге дайын тұрады.
Көптеген жастар салтанатты киелілікпен саған ереді.
Олар таң шапағынан туған шыққа ұқсайды.
4 Ехоба: “Сен Мәліксадық сияқты мәңгілікке діни қызметкерсің!”— деп ант етті+,
Бұл сөзінен ол еш айнымайды*.
Бүкіл жердің көсемінің көзін құртады.
7 Ол* жолшыбай бұлақтан су ішіп алады,
Сондықтан басы жоғары көтерулі болады.