Шежірелер 1-жазба
28 Дәуіт Исраилдің барлық бекзадаларын — ру бекзадаларын, патшаға қызмет ететін әскер бөлімшелерінің басшыларын+, мыңбасылар мен жүзбасыларын+, патша мен ұлдарының+ мал-мүлкінің басына қойылғандарды+, сарай қызметкерлерін және батыр да қабілетті кісілерді+ — Иерусалимге жинады. 2 Сосын Дәуіт патша орнынан тұрып былай деді: “Сөзімді тыңдаңдаршы, бауырларым, халқым! Мен Ехобаның келісім сандығы тұратын әрі Құдайымыздың табан тіреніші болатын үй салуды бар жүрегіммен қалаған едім+. Құрылысқа қажетті дайындық та жасадым+. 3 Бірақ шынайы Құдай: —Сен менің есіміме арнап үй салмайсың+. Өйткені сен соғыстар жүргізіп, қан төктің,— деді+. 4 Исраилдің Құдайы Ехоба әкемнің бүкіл әулетінің ішінен мені таңдап, мәңгілікке Исраилге патша етіп қойды+. Ол Яһуданы көсем етіп таңдады+, ал Яһудадан тараған әулеттерден әкемнің әулетін+ таңдады, ал әкемнің ұлдарының арасынан маған ықыласы түсіп, Исраилге патша етіп тағайындады+. 5 Ехоба маған көп ұл сыйлап+, солардың бәрінің ішінен Исраилдегі Ехобаның патша тағына отырғызу үшін Сүлейменді таңдап алды+.
6 Бұған қоса, ол маған: —Менің үйім мен аулаларымды ұлың Сүлеймен салады. Себебі мен оны өзіме ұл етіп таңдап алдым, мен оған әке боламын+. 7 Егер ол менің өсиеттерім мен шешімдерімді қазіргідей берік ұстанатын болса+, мен оның патшалығын мәңгі мызғымастай етемін+,— деді. 8 Сондықтан бүкіл Исраилдің, Ехобаның қауымының алдында, сондай-ақ Құдайымыздың алдында сендерге мынаны айтамын: Құдайымыз Ехобаның барлық өсиеттерін мұқият орындаңдар әрі зерттеңдер. Сонда мына жақсы жерді иемденіп+, өздеріңнен кейінгі ұлдарыңа мәңгілікке мұра етіп қалдырасыңдар.
9 Ал сен, ұлым Сүлеймен, әкеңнің Құдайын танып-біл. Оған бар жүрегіңмен, бар ықыласыңмен қызмет ет+. Өйткені Ехоба жүрек атаулыны тексереді+, әрі оған адамның ой-ниетінің бәрі аян+. Егер оны іздейтін болсаң, ол өзін табуыңа мүмкіндік береді+. Ал оны тастап кетсең, ол сенен біржола бас тартады+. 10 Міне, Ехоба өзінің ғибадатханасы болатын үйді салуға сені таңдап отыр. Бұған жеңіл-желпі қараушы болма! Батылдықпен іске кіріс!”
11 Бұдан кейін Дәуіт ұлы Сүлейменге ғибадатхананың кіреберісінің+, ғимараттардың, қоймалар, жоғарғы және ішкі бөлмелердің, сондай-ақ татуластыру қақпағы тұратын жайдың+ сызбасы жасалған жобаны+ берді. 12 Сондай-ақ өзіне Құдай рухы арқылы ашылған келесі нәрселердің жобасын, яғни Ехобаның үйінің аулалары+ мен оны айнала орналасқан ас бөлмелердің, шынайы Құдай үйінің қазыналары мен бағышталған заттарға арналған қазыналардың+ жобасын табыс етті. 13 Дәуіт Сүлейменге діни қызметкерлер+ мен леуіліктер топтарының қызметіне, Ехобаның үйінде атқарылатын қызметпен байланысты міндеттерге қатысты, сондай-ақ Ехобаның үйіндегі қызметте қолданылатын күллі бұйымдарға да қатысты нұсқаулар берді. 14 Ол қызметтің түр-түрінде қолданылатын барлық алтын бұйымдар мен қызметтің түр-түрінде қолданылатын барлық күміс бұйымдарға жұмсалатын алтын-күмістің салмағын белгіледі. 15 Патша алтын шамдалдар+ мен олардың алтын шамдарына, түрлі шамдалдар мен олардың шамдарына, күміс шамдалдарға жұмсалатын алтын-күмістің салмағын белгіледі. Бұлардың әрқайсысының салмағы қолданысына қарай белгіленді. 16 Сонымен қатар нан тартуына арналған әрбір үстелді+ қаптауға жұмсалатын алтынның және әрбір күміс үстелді қаптауға жұмсалатын күмістің салмағы көрсетілді. 17 Ол саф алтыннан жасалатын шанышқылар, керсендер, құмыралар, алтын тостақтар+ мен күміс тостақтардың, әр тостақтың салмағын жеке белгіледі. 18 Хош иісті зат түтетілетін үстелді+ қаптауға арналған тазартылған алтынның салмағын, сондай-ақ арбаны бейнелейтін+ керубтерді, яғни Ехобаның келісім сандығын жайылған қанаттарымен көлегейлеп тұрған алтын керубтерді+, жасауға жұмсалатын алтынның мөлшерін белгіледі. 19 Дәуіт былай деді: “Ехоба маған түсінік сыйлап, соның басшылығымен осы жобаның+ сызбасын егжей-тегжейлі етіп жасадым+”.
20 Сосын ол ұлы Сүлейменге тағы мынаны айтты: “Батыл да, берік болып іске кіріс! Еш қорықпа да, үрейленбе де, өйткені Ехоба Құдай, менің Құдайым, саған жар+. Ехобаның үйіндегі қызметке қажетті жұмыстардың бәрі бітпейінше, ол сені тастамайды, еш қалдырмайды+. 21 Діни қызметкерлер+ мен леуіліктердің+ топтары шынайы Құдайдың үйіндегі барлық қызметті атқаруға даяр. Кез келген жұмысты шебер атқара алатын ынталы жұмысшыларың да бар+. Бұған қоса, бекзадалар+ мен бүкіл халық та барлық нұсқауларыңды орындауға ықыласты”.