Дәуіттің жыры.
103 Жаным Ехобаны мадақтасын,
Тұла бойым киелі есімін даңқтасын!
2 Жаным Ехобаны мадақтасын,
Оның жасаған ешбір ісін ұмытпасын+!
3 Ол барлық күнәмді кешіреді+,
Дертімнің бәрінен айықтырады+.
4 Өмірімді көрден қайтарып алып+,
Айнымас сүйіспеншілігі мен мейірімін тәж етіп кигізеді+.
5 Бүкіл ғұмырымды игілікке толтырады+,
Қырандай қайта түлетіп, жасартады+.
6 Қысым көргендердің мүддесі үшін
Ехоба әділ+ де әділетті әрекет етеді+.
7 Ол Мұсаға өз жолдарын көрсетті+,
Исраил ұлдарына істерін паш етті+.
8 Ехоба мейірімді де жанашыр+,
Ашулануға асықпайды, айнымас сүйіспеншілігі мол+.
9 Ол қателікті жіпке тізбейді+,
Мәңгі ашулана да бермейді+.
10 Бізді күнәларымызға қарап жазаламайды+,
Есемізді де заңсыздығымызға сай қайтармайды+.
11 Себебі көк жерден қанша жоғары болса,
Оның өзінен қорқатындарға деген айнымас сүйіспеншілігі де сонша зор+.
12 Шығыс батыстан қанша қашық болса,
Ол бізден қылмыстарымызды сонша қашықтатты+.
13 Әкенің ұлдарына мейірімін түсіретініндей,
Ехоба да өзінен қорқатындарға мейірімін төгеді+.
14 Өйткені ол біздің неден жаратылғанымызды жақсы біледі+,
Топырақ екеніміз оның есінде+.
15 Пенденің күндері шөптікіне ұқсайды+,
Ол дала гүліндей лезде шешек атады+.
16 Ал жел тұрғанда, ғайып болады,
Ешқашан болмағандай құрып жоғалады.
17 Ехоба өзінен қорқатындарға
Мәңгі бақи айнымас сүйіспеншілік танытады+,
Ал олардың балаларының балаларына+,
18 Өзінің келісімін ұстанатындарға+,
Нұсқауларын орындауға бел буғандарға әділдік танытады.
19 Ехоба көкте өз тағын берік орнатты+,
Ол бәрінің үстінен патшалық құрады+.
20 Ехобаның даусына құлақ асатын, айтқан сөзін іске асыратын
Құдіреті зор періштелері+, оны мадақтаңдар!
21 Ехобаның күллі әскері,
Еркін орындап жүрген қызметшілері+, оны мадақтаңдар+!
22 Билігі орнаған жердің бәріндегі Ехобаның күллі істері,
Сендер де оны мадақтаңдар!
Жаным Ехобаны мадақтасын!