Ишая
4 Сол күні жеті әйел бір еркекке жармасып+:
—Біз өз нанымызды жеп, өз киімімізді киеміз.
2 Сол күні Ехоба өсіріп шығарған өскін салтанатты да даңқты болады; жердің өнімі аман қалған исраилдіктердің мақтанышы мен көркі болады+. 3 Сион мен Иерусалимде қалғандар — Иерусалимде өмір сүру үшін тізімге алынғандардың бәрі+ — қасиетті деп аталады.
4 Ехоба Сион қыздарын кірден* жуып тазартады+, Иерусалимге лаулаған қаһарын төгіп, соттайды+. Осылай ондағы қан дақтарын жуып-шаяды. 5 Бұдан кейін Ехоба бүкіл Сион тауының үстіне және сонда жиналатындардың үстіне күндіз бұлт пен түтін, ал түнде жарқырап жалындаған от жаратады+. Салтанатқа бөленген жердің үстін толығымен қорғап тұратын қалқан болады. 6 Сол жерде күндізгі аптаптан тасалайтын, дауыл мен жауыннан пана әрі қорғаныш болатын+ бастырма болады+.