Миха
Тау шыңдарынан асқақ болып, берік орнығады,
Ол төбе атаулыдан жоғары көтеріледі,
Халықтар соған қарай ағылады+.
2 Көптеген халықтың адамдары келіп:
“Жүріңдер, Ехобаның тауына көтеріліп,
Жақыптың Құдайының үйіне барайық+.
Ол бізді өз жолдарына үйретеді,
Біз оның жолдарымен жүреміз”,— дейді.
Өйткені Сионнан заң, Иерусалимнен Ехобаның сөзі шығады.
3 Құдай халықтар арасында сот жүргізеді+,
Алыс-жақындағы қуатты ұлттардың игілігі үшін бар істі түзетеді.
Олар семсерлерінен соқа,
Найзаларынан орақ соғады+.
Халық халыққа қарсы енді қайтып семсер көтермейді,
Олар соғысуды да үйренбейді+.
4 Әркім өз жүзім бұтасы мен інжір ағашының түбінде отырады+,
Ешкім де оларды қорқытпайды+,
Өйткені бұл — Әскербасы Ехобаның аузынан шыққан сөз.
5 Барлық халықтар өз құдайларының есімімен жүрсе,
Біз мәңгі бақи өз Құдайымыз Ехобаның есімімен жүреміз+.
6 “Сол күні,— дейді Ехоба,
—Ақсаңдаған халықты жинаймын,
Бытырап кеткен олардың басын қосамын+,
Оны өзім жапа шеккізгендермен қоса жинаймын.
Мен, Ехоба, патша ретінде Сион тауында оларға билік етемін,
Бұл сол уақыттан бастап мәңгілікке жалғасады.
8 Ал сен, отарды қоритын мұнара,
Сион+ қызының биік төбесі,
Саған алғашқы* билік сөзсіз қайтарылады+,
Иә, Иерусалим қызына тиесілі патшалық қайтарылады+.
9 Неге қатты айқайлайсыңдар?
10 Уа, Сион қызы, толғақ қысқан әйелдей,
Бұратылып, ыңырсына қинал.
Өйткені сен қаладан кетіп, далада тұрасың.
Ехоба сені жау қолынан құн төлеп қайтарады+.
11 Көптеген халықтар саған қарсы жиналады,
Олар: —Сион арамдалсын,
Мұны өз көзімізбен көрейік,— дейтін болады.
12 Алайда олар Ехобаның ойларын білмейді,
Оның ниетін түсінбейді.
Оларды Құдай жаңа орылған егіндей қырманға жинамақ.
13 Уа, Сион қызы, тұр да, астық бастыр+.
Себебі мен мүйіздеріңді темір,
Тұяқтарыңды мыс етемін.
Сен көп халықты талқандайсың+.
Олардың қулықпен жиған-тергенін Ехобаға,
Байлықтарын жер бетінің шынайы Иесіне бағыштайсың+”.