Ишая
26 Сол күні Яһуда елінде мынадай ән айтылатын болады+:
“Біздің қаламыз мықты+.
Құдай бізді дуал әрі қорған іспетті құтқарады+.
3 Өзіңе толық арқа сүйейтіндерді* сен аман сақтайсың,
Олар саған сенім артатындықтан+, ұзағынан тыныштық сыйлайсың+.
5 Ол қырат тұрғындарын, биік жерде тұрған қаланы төмендетеді.
Оны құлатады,
Жерге жығады,
Жермен-жексен қылады.
6 Қала аяқ астында тапталып жатады,
Оны бейшаралар аяғымен басып, жарлылар табанымен жаншиды”.
7 Әділдің жолы тура,
Өйткені сен турашылсың.
Сен әділдердің жолын тегіс қыласың.
8 Уа, Ехоба, біз сенің әділ жолыңмен жүріп,
Саған үміт артамыз.
Өзің де, есімің де ұмыт болмаса екен дейміз.
Өйткені жерді соттағаныңда, оның тұрғындары әділдік жасауды үйренеді+.
11 Уа, Ехоба, олар сенің қолыңның көтерулі тұрғанын көрмейді+.
Бірақ халқың үшін құлшыныс танытқаныңды көргенде, ұятқа қалады.
Иә, жауларыңды от жалмап қояды.
13 Уа, Құдайымыз Ехоба, бізді сенен өзге қожайындар билеп келді+,
Бірақ біз тек сенің есіміңді дәріптейміз+.
14 Олар өлді, енді қайтып өмір сүрмейді.
Жансыз сұлық жатыр, енді қайтып тұрмайды+.
Өйткені көздерін құрту үшін, аттарын өшіру үшін,
Сен оларға назарыңды салдың.
15 Сен халықтың санын көбейттің, уа, Ехоба,
Сен халықтың санын көбейттің.
Өз даңқыңды асырдың+.
Жердің шегараларын барынша кеңейттің+.
16 Уа, Ехоба, бастарына күн туғанда, олар саған жүгінді,
Жөнге салғаныңда, сыбырлап дұғаларын жаудырды+.
17 Ехоба, сен бізді толғатып жатқан әйел іспетті қылдың,
Ай-күні жетіп, толғақ қысып айғайлап жатқан әйел іспетті қылдың.
18 Біз құрсақ көтердік, толғақ азабын көрдік,
Бірақ дүниеге жел әкелгендей болдық.
Біз жерді құтқармадық,
Онда қоныстанатын адам да туылмады.
19 “Сенің өлген адамдарың өмір сүреді.
Менің меншігімдегі өлілер түрегеледі+.
Ей, қара жердің қойнында жатқандар+,
Ояныңдар, қуана дауыстаңдар!
Құдайдың қаһары басылғанша,
Азғана уақыт жасырына тұрыңдар+.
21 Өйткені, мен, Ехоба, өз тұрағымнан шығып келемін.
Жер тұрғындарын күнәлары үшін жауапқа тартамын.
Сонда жер өзіндегі қантөгісті аян етеді,
Өліктерін де енді қайтып жасырмайтын болады”.