Самуилдің 1-жазбасы
2 Бұдан кейін Ханна былай деп дұға етті:
Құтқарғанына қуанып,
Жауларымнан қаймықпай сөйлеймін.
3 Паңданып сөйлеуді доғарыңдар,
Тәкаппарлана сөйлеуші болмаңдар.
Өйткені Ехоба — бәрін білетін Құдай+,
Ол әрбір іске әділ бағасын береді.
4 Садақ ұстаған мықтылар қорқып қалтырады,
Ал әлсіздер күш-қуатқа ие болды+.
5 Қарны тоқтар нанға жарымай, жалшы болды,
Ал аш жүргендер тойынды+.
Бедеу әйел жеті бала тапты+,
Ал көп ұлды ана енді қайтып тумайды.
8 Ол мүсәпірді топырақтан,
Кедейді үйіліп жатқан күлден* тұрғызып+,
Беделділермен бірге отырғызады,
Сыйлы орын береді.
Жердің негізі Ехобаның қолында+,
Соның үстіне ол жерді орнатты.
9 Ол өзіне адал жандардың қадамдарын күзетеді+,
Ал зұлымдарды қара түнекте жым етеді+,
Өйткені ешбір пенде өз күшімен жеңіске жетпейді+.
11 Бұдан кейін Елқана Рамақтағы үйіне қайтты. Ал Самуил Ехобаға қызмет ету үшін+ Елидің қарамағында қалды.
12 Елидің ұлдары болса Ехобаны қадір тұтпайтын арсыз адамдар еді+. 13 Олар жұрт әкелген құрбандықтың діни қызметкерлерге тиесілі бөлігіне+ қатысты былай істейтін: әлдебіреу құрбандық шалған соң ет асылып жатқанда, діни қызметкердің қызметшісі үш тісті шанышқысымен келетін де, 14 оны кез келген ыдысқа салып жіберіп, ілінген етті діни қызметкерге алып кететін. Олар Шилоға келген исраилдіктердің барлығына осылай істейтін. 15 Мұнысымен қоймай, діни қызметкердің қызметшісі құрбандықтың майы өртелмей тұрып келетін де+, құрбандық әкелген кісіге: “Діни қызметкерге қуыратын ет бер. Ол піскенін емес, шикісін ғана алады”,— дейтін. 16 Әлгі адам: “Алдымен майы өртелсін+, содан кейін қалағаныңды ала бер,— десе, қызметші оған: —Дәл қазір бер, әйтпесе тартып аламын!”— деп зекитін. 17 Осылайша қызметшілер Ехобаға шалынған құрбандықты аяқасты етіп, Ехобаның алдында өте ауыр күнә жасайтын+.
18 Ал Самуил бала болғанына қарамай, үстіне бәтес ефод киіп+, Ехобаға қызмет етіп жүрді+. 19 Анасы жыл сайын оған жеңсіз кішкене көйлек тігіп, күйеуімен бірге сол жылғы құрбандықты шалуға келгенде ала келетін+. 20 Ели Елқана мен әйеліне: “Ехобаға аманаттаған баланың+ орнына осы әйелден Ехоба саған бала сыйласын”,— деп батасын берді. Бұдан кейін олар үйіне қайтты. 21 Содан Ехоба Ханнаға назар аударып, тағы үш ұл, екі қыздың анасы етті+. Ал жас Самуил Ехобаның алдында өсіп, ержете берді+.
22 Әбден қартайған Ели ұлдарының күллі Исраил халқына не істеп жүргендері туралы+ және кездесу шатырының кіреберісінде қызмет атқаратын әйелдермен жататындары жайлы еститін+. 23 Ол ұлдарына былай дейтін: “Неге мұндай қылық жасап жүрсіңдер? Жұрттың бәрінен сендер туралы жаман сөздер естимін. 24 Қойыңдар, балаларым, Ехобаның халқының арасына тарап, менің де құлағыма жетіп жатқан бұл әңгіме жақсы емес. 25 Егер адам адамға қарсы күнә жасаса, ол үшін біреу Ехобаға өтініш жасауы мүмкін*. Ал Ехобаға қарсы күнә жасаса+, ол үшін кім дұға етеді?” Алайда ұлдары әкесінің айтқандарына құлақ аспайтын, себебі Ехоба оларды өлімге кесуді ұйғарып қойған еді+. 26 Жас Самуил болса өсіп келе жатты, әрі Ехобаға да, адамдарға да ұнамдылығы арта түсті+.
27 Бірде Елиге Құдайдың бір пайғамбары келіп, былай деді: “Ехоба мынаны айтады: —Арғы атаңның үй іші Мысырда перғауынның құлы болып жүргенде+, оларға өзімді анық аян етпеп пе едім? 28 Мен арғы атаңды құрбандық ошағыма шығып+, құрбандық шалсын, хош иісті зат ұсынсын*, алдымда ефод киіп жүрсін деп, Исраилдің күллі руларының ішінен діни қызметкерім етіп таңдап алдым+. Сондықтан оның өзіне де, ұрпақтарына да исраилдіктер өртеуге әкелетін құрбандықтардан сыбаға бердім+. 29 Ал сендер тұрағыма+ әкелуді бұйырған құрбандықтарым мен сый-тартуларымды аяқасты етесіңдер! Неге бұлай істейсіңдер?! Неге сен ұлдарыңды менен артық көресің? Сендер халқым Исраил шалған әр құрбандықтың ең жақсы жерлерін жеп, семіріп алдыңдар+!
30 Сондықтан Исраилдің Құдайы Ехоба былай дейді: —Мен сенің де, арғы атаңның да үй іші маған мәңгі бақи қызмет етеді деген едім+. Ал енді мен, Ехоба, мынаны айтамын: —Бұлай болмайды! Мені құрметтейтіндерді мен де құрметтеймін+, ал мені менсінбейтіндер жұрттың бәріне жексұрын болады. 31 Біліп қой, өзіңнің де, арғы атаңның да үй ішін күштен айырамын, сондықтан сенің үйіңде ешкім ұзақ жасамайтын болады+. 32 Исраилдіктер игілікке кенеліп жатқанда, сен менің тұрағымда тек жауды көресің+. Сенің үйіңде бұдан былай қария болмайды. 33 Мен бір адамыңды құртып жібермей, құрбандық ошағымның алдында қызмет етуге қалдырамын. Ол көзіңнің нашарлауына және зор қасіретке қалуыңа себепші болады. Ал үй ішіңнің басым көпшілігі семсерден қаза табады+. 34 Мұның жүзеге асатынының белгісі ретінде ұлдарың Опни мен Пінехес бір күнде өледі+. 35 Бұдан кейін мен өзіме адал болатын діни қызметкер тағайындаймын+. Ол менің жүрек қалауымды орындап, өзім майлаған адамның алдында әрдайым діни қызметкер міндетін атқарады. Мен оның үйін* берік орнықтырамын. 36 Сенің үй ішіңнен аман қалған адам соған барып, жұмыс пен нан сұрайды. Ол: —Өтінемін, мені діни қызметкер атқаратын бір жұмысқа тағайындашы, нанымды тауып жейін+,— деп, бас иетін болады”.