Римдіктерге
5 Сонымен, сенім арқылы әділ деп жарияланғандықтан+, Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдаймен тату болып қала берейік*+. 2 Мәсіхке сенгеніміздің арқасында өзіміз ие болып отырған рақымға жол ашылды+. Сондықтан Құдайдың ұлылығына ортақтасамыз деген үмітімізге шаттанайық*! 3 Тек бұған ғана емес, қиындық көрген кезде де шаттанайық*+! Өйткені біз қиындықтарда табандылық туатынын білеміз+, 4 ал табандылық Құдайдың ықыласына бөлейді+, Құдайдың ықыласы болса үміт береді+, 5 ал бұл үміт ақталмай қалмайды+. Себебі өзімізге берілген киелі рух арқылы жүрегіміз Құдайдың сүйіспеншілігіне кенелді+.
6 Біз әлі де күнәкар* болып жүргенде+, белгіленген уақытта Мәсіх күнәкарлар үшін өмірін қиды. 7 Әділ адам үшін біреудің өз өмірін құрбан етуі екіталай, ал ізгі адам үшін өмірін қиятын біреу табылатын шығар. 8 Құдай болса бізге сүйіспеншілік танытты, өйткені әлі де күнәкар болып жүрген біздер үшін Мәсіх өмірін қиды+. 9 Сондықтан Мәсіхтің қаны арқылы әділ деп жарияланған+ біздердің Мәсіх арқылы Құдайдың қаһарынан аман қалатынымызға сеніміміз арта түсті+. 10 Себебі Құдайға қас болған кезімізде Ұлының өлімі арқылы онымен татуласқан болсақ+, енді татуласқандар ретінде Мәсіхтің өмірі арқылы құтқарылатынымызда күмән жоқ. 11 Сондай-ақ Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдаймен қарым-қатынаста болғанымызға шаттанамыз, өйткені Мәсіх арқылы Құдаймен татуластық+.
12 Сонымен, бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді+, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды, себебі бәрі күнә жасады+. 13 Күнә дүниеде Заңға дейін де болған, ал заң жоқ жерде адам күнәсі үшін айыпталмайды+. 14 Сонда да өлім Адам атадан Мұса пайғамбарға дейін патшалық етіп келді. Ол тіпті болашақта келуі тиіс кісіге ұқсас болған Адам атанікіндей күнә жасамағандарға да билік жүргізді+.
15 Бірақ Құдайдың сыйы мен Адам атаның күнәсінің нәтижесі екі түрлі: бір кісінің күнәсінің кесірінен көп адам өлді, ал Құдайдың рақымы мен сыйы көп адамды теңдесі жоқ игіліктерге жеткізді+. Бұл сый бір кісінің, яғни Иса Мәсіхтің, рақымымен бірге берілді+. 16 Құдайдың сыйы мен Адам атаның күнәсінің+ нәтижесі келесі жағынан да екі түрлі: бір күнә жасалғаннан кейін бүкіл адамзат айыпталды+, ал көп күнә жасалғаннан кейін, көптеген адам әділ деп жариялану үшін сый берілді+. 17 Егер бір кісі жасаған күнәнің кесірінен өлім патшалық еткен болса+, онда зор рақым мен әділдік сыйын+ қабылдағандардың да бір кісінің, яғни Иса Мәсіхтің+, арқасында өмір сүріп, патшалық ететіндері сөзсіз+.
18 Сонымен, бір күнәнің кесірінен барлық адамдар айыпталған болса+, бір әділ істің арқасында барлық адамдар+ өмір сүру үшін әділ деп жарияланады+. 19 Бір кісінің мойынсұнбауы көп адамды күнәкар етсе+, дәл солай, бір кісінің мойынсұнуы көп адамды әділ қылады+. 20 Заң адамдардың күнәлары көбейе түскенін көрсету үшін берілді+. Бірақ қаншалықты көп күнә жасалса да, Құдайдың рақымы одан да асып түсті. 21 Не үшін? Күнәнің өліммен бірге патшалық еткеніндей+, рақымның да Иеміз Иса Мәсіхтің арқасында мәңгілік өмірге жеткізетін+ әділдік арқылы патшалық етуі үшін.