Еремия
45 Яһуда патшасы Жосия ұлы Ехоякімнің билік құруының төртінші жылында+ Еремияның айтуымен+ Барух+ осы сөздерді шиыршыққа жазып қойған соң, Еремия пайғамбар Нериях ұлы Барухқа былай деді:
2 “Барух, Исраилдің Құдайы Ехоба саған қатысты мынаны айтады: 3 —Сен “Қасіретке қалдым, Ехоба азабымның үстіне азап қосты! Күрсіне-күрсіне шаршадым, жаным жай табар емес” дейсің.
4 Оған Ехоба мынаны айтады де: —Міне, тұрғызғанымды қиратамын, еккенімді тамырымен жұламын. Бүкіл елге осылай істеймін+. 5 Өзің үшін ұлы нәрселерге қол жеткізуге ұмтылудасың*. Бұлай етуді доғар.
Мен бүкіл халыққа апат жіберемін+,— дейді Ехоба,— ал саған қайда барсаң да, өз жаныңды олжа етіп беремін+”.